Мен 2014-жылы ҰБТ тапсырдым. Шыны керек, қатты дайындалмадым тестке, нәтижесі де соған лайықты болды.
Қаржыны шамамен есептер болсам, айына 500 теңгедей ғана кетті кітапшаларға, жалпы 9 ай = 4500, жарайды 5000 кете салсын. Сосын, "5 бағдарламасы" 1500 теңге, 2 шың кітап 1500 теңге. Жалпы дайындығыма 8000 теңге кетіпті, жарайды 9000 бола салсын. Және ҰБТ кезінде сеть қосып, қосымша көмек жібереміз деп 10000-дай алды директор, бірақ көмек келмеді, сеть те қосылмады, ақша директордың қалтасына қалды..
Жалпы ҰБТ үшін шамамен 25000 теңге кетті (бұл қосқаным, бұдан аз кеткені анық).
Мен 11-сыныпта мектеп кезінде қосымша қаржылай табыс таппадым, сондықтан ата-анама ауырлық жасамау үшін барлық курстар мен қосымша көмек беретін материалдардан өз еркіммен бас тарттым..