+1 дауыс
2.2k көрілді
Дем алу қиын? Ол асқазаннан болуы мүмкін бе? Және демікпеге қандай ем колдансам болады? Жауаптарыныз ушин алдын ала рахмет

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Тыныс алу жүйесі асқорыту жүйесінен бөлек. Демікпе - астма, оның екі түрі бар, жүрек астмасы (сердечная) және бронх астмасы (бронхиальная астма). Негізгі айырмашылыға жүрек астмасында демді ішке қарай алу (инспирация) қиындайды, бронх астмасында демді шығару (экспирация) қиындайды, бірақ араласып келетін кездер де болады, сол кезде диагноз қою қиындайды.

Астма негізінен аллергиялық ауру. Поллинозбен ұзақ уақыт ауырып, асқынғанда астма пайда болуы мүмкін.

Қазіргі медицинада астма соншалықты қорқынышты ауру емес, бірнеше емдеу жолдары бар, ауруды купировать етеді. Тез әсер ететін бронходилататорлардың көптеген түрлері бар (ингалятор). Қайсысын қолдану керектігін врач дәрігер тағайындайды. Қалта бронходилататорлар кеңінен қолданылады, ондай адамдар үнемі қолталарына салып жүреді, басталып келе жатқанын өздері сезіп бірден аэрозоль секілді аузына себе қояды, ол бірден әсер етіп бронхты кеңейтеді.

Ешқандай халық емшісі, қазақы ем, тәуіп дегендерге көнетін ауру емес, тек медициналық жолмен емдел. Қазір 21 ғасында бұл жиі кездесетін ауру және емінің де түрлері көп, қазір шет елден Қазақстанға келіп емделіп жатыр, тек медициналық жолмен ғана емдел.
–1 дауыс
Демікпе (бронхиальная астма) - бронхылардың қабуынан болатын ауру. Оны емдей алатын бір адам бар. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылында тұрады, аты Молдаш.
+1 дауыс
Асқазаннан болуы мүмкін емес. Сіз ол аурумен жүре немесе туабітті ауырып тууыңыз мүмкін. Негізі демікпеге Беклазон ЭКО деген шашқыш дәрі қолданылады. Дәрігердің қарауында болып, ем тағайындатыңыз.
...