Қызылша мен Қызамық атты аурулардың айырмашылығы қандай?

0 дауыс
5.4k қаралым
Осы екі аурудың айырмашылықтары қандай?
Жалпы медицина

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Қызамық ол ветрянка сияқты, бір рет ауырған адамда өмірлік иммунитет пайда болады, яғни, екінші рет қайталап ауырмайды. Оның алғашқы белгілерін көбісі тұмаумен шатастырады, бастапқы симптомдары ұқсас, температура 38-39 градус аралығында. Жоғарыдан төмен қарай, алдымен бетке, сосын қолтық аралық, шатқа қарай ақшыл қызыл майда дақтар пайда болады, мойын лимфасының үлкеюі байқалады. Көбіне мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылары ауырады. Жүктілік кезінде қауіпті ауру. Науқастың бөлмесін таза ұстап, иммунитет көтеретін препараттармен қоса антибиотиктермен емделеді. Прогноз: Көп жағдайда жақсы.

Қызылша бұл да өте жұқпалы ауру, бұл да суық тигендей басталады, тұмаудың белгілерімен қоса көздің қабынуы байқалады. Ауыздың шырышты қабығында тұз сияқты дақтар пайда болады. Бөртпелер бетте, құлақ айналасында, денеде, ең соңынан аяққа шығады. Денеге шыққанан кейін ауру жеңілдейді. Бұл да үй жағдайында науқастың күтімі жақсы болса өздігінен тәуір болады, кейде терінің астында көгерген сияқты қан ұюлар пайда болуы мүмкін, сол жағдайда дереу дәрігенге қаралау керек.

Айырмашылығын кез келген медқызметкен көзбен қарап-ақ ажырата алады.
Рахмет. Биология десе биология екенсің. Көп рахмет)
127,680 сұрақ
322,219 жауап
153,247 пікір
72,703 қолданушы