0 дауыс
16.6k көрілді
Отбасы өмірін қалай бақытты етуге болады?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Отбасы ішінде түсіністік пен сыйластық болуы керек. Сонда бақыт құралады. Ал бақыт деген бала-шағасы көп, тату тұратын, бір-бірін түсіне алатын отбасыда болады.
+2 дауыс
http://makala.kz/madeniet/otbasy-baқytynyң-kilti/
+1 дауыс

Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым —  отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу  дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.

Статистика мәліметтеріне сүйенсек Қазақстандағы әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады екен. Әсіресе, мамандар 2013 жылдың алғашқы екі айында ажырасу саны едәуір өскенін мәлімдейді. Осы екі айдың өзінде 21,6 мың  неке құрылса,  8,2 мың отбасының шаңырағы шайқалғаны тіркелген. Бұл деген сөз, елімізде тірі жетімдердің саны да күн санап артып келе жатқанының айғағы. Ажырасудың негізгі себептері  тұрмыстық жағдайдың төмендігі, өзара түсініспеушілік  десек те, отбасын құру атты маңызды қадамға аяқ басқан әрбір жан өзін алдыда күтіп тұрған кез-келген қиындыққа дайындауы керек емес пе еді?! Сондықтан да, ажырасудың негізгі себебі –  әрбір адамның  өзінде жатыр. Алла Тағалаға рұқсат етілген амалдардың ішіндегі ең  ұнамсызы – ажырасу екен. Бұл — мәселенің ең соңғы шегі, басқа жол мүлдем табылмағанда қабылданатын амалсыз шешім.

Үйленетін ер адам – өзінің мойнына үлкен жауапкершілік артылғанын толық сезінуі керек. Ер адам – отағасы, отбасының асыраушысы,  әйелі мен балалары үшін негізгі жауапты адам. Бала шағасын тамақтандырып, киіндіру, баспанамен қамтамасыз ету оның міндеті. Сондықтан жалқаулық, бейқамдық сияқты қасиеттерден барынша арылып, еңбекқорлық, шыдамдылық пен төзімділікті бойына серік қылғаны абзал. Қиямет күні отбасының әрбір мүшесі үшін де ер адамнан сұралады. Қасиетті Құранда Алла Тағала былай дейді: ««Ей иман келтіргендер, өздеріңді және бала-шағаларыңды оттан қорғаңдар, ол оттың отыны адамдар мен тастар.» (Тахрим 6), «Еркектердің әйелдерде, әйелдердің еркектерде ақылары бар. Алайда еркектер әйелдерге қарағанда бір дәреже үстемдікке ие.» (Бақара 228)

Сол сияқты тұрмыс құруға шешім қабылдаған әйел – үйдің берекесі, отбасының ұйтқысы, ардақты ана және адал жар болу жауапкершілігін толық сезінгені жөн. Еріне бойұсынып, балаларына жақсы тәрбие беру, үй тіршілігіне дайын болуы керек. Алла Тағала: «Жақсы әйелдер – бойұсынушы әйелдер. Алла оларға қоруға бұйырған көрінбейтін нәрселерді қориды» (Ниса,34). Алла елшісі (Оған Алланың игілгі мен сәлемі болсын) «Қандай да бір әйел күйеуінің разылығына бөленіп, дүние салар болса, жұмаққа кіреді», -деген. Халқымыз да: «Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді, Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді», — деген асыл сөздер қалдырған.

Даналықтың мектебі болған ата-бабаларымыз:«Адамның басшысы — ақыл, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық», (Төле би)— деген екен. Шындығында да, отбасы берік болуының негізгі қағидасы адам бойындағы осы қасиеттерге негізделсе керек. Басшысы нәфсі, ашу немесе өсек-аяң емес, әрдайым ақылын басшылыққа алса,ой таразысына салып шешім қабылдап, бақытты отбасын құруға талаптанса, ең мықты қорғаушы – сабырды серік етіп, арын – бәрінен де қымбат санаса және ең бастысы өмірін ардақтап,  оны сыйластықтың бал шырынымен сусындатса – міне бұл отбасы бақытының  кілті болар еді.  Ал бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғаларды дүниеге әкелуге қабілетті болмақ.
0 дауыс
рахмет коп пайдалы нарсени угындым!!!!!!!
0 дауыс
Ол ушин отбасыда тусинистик пен сыйластык болу керек
сонда гана бакытты отбасы болу га болады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
7 жауап
...