Қазақша ақпарат қана. Ағылшынша нұсқасын іздеп көрейін
Microsoft Corporation (қаз. Microsoft корпорациясы оқылуы: «майкрософт корперейшн») — дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания
Тарихы
Компанияның тарихы 1975 жылы басталады.Гарварда Билл Гейтс және Пол Аллен атты дос-студенттер «Popular Electronics» журналындағы жаңа Altair 8800 дербес компьютер туралы мақаланы оқыған соң, оған Basic тілін ойлап табады. Бір айдан соң, 1-ақпан күні ДК-ді өндіріп шығарған Micro Instrumentation and Telemetry Systems (MITS) компаниясымен лицензиялық келісімшартқа отырады. Осы жылы Билл Гейтс Алленге жазған хатында компанияның атауын «MICROcomputer SOFTware» (микрокомпьютерлерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету) деп қою туралы ұсыныс жасайды.
Ең бірінші логотип
1980 жылдың басында компанияның негізін салушы Аллен мен Гейтстің жолдары екіге бөлінеді. Аллен өмірін Microsoft-қа арнағысы келмейді, ал Гейтс болса бар зейінін компанияның дамуына бұрады. 1983 жылы Аллен акциясының әрбір данасын $10-ға сатып, Microsoft компаниясынан біржолата кетіп, дүниежүзіндегі ең бай адамдардың біріне айналады. Ол 2011 жылы «Forbes» журналының тізіміне $13 млрд капиталымен 57 орынды иеленеді.
Қызметі
Компания адам мүмкіндіктерінің қазіргі заманғы технологияларды пайдалану арқылы, кез-келген жерде, кез-келген уақытта, кез-келген құрылғыда пайдалану есебінен, іскерлік және жеке қызмет пен пайдаланудың кең көлемді бағдарламалық өнімдер тізімін ұсынады. Компанияның бір бөлімшесі Xbox ойын бағдарламаларын және дербес компьютерге арналған аксессуарлар (клавиатура, тышқан тетігі т.б) шығарумен айналысады. Microsoft өнімдері әлемнің 80-ге жуық елінде сатылады, бағдарламалары шамамен 45 тілге аударылған. Компанияның штаб-пәтері Редмонд қаласында орналасқан. Корпорацияға тұрақты жұмыс жасайтын қызметкерлер саны 89 000 адамды құрайды.
Дамуы
«Майкрософт» 2008 жылы $48 млрд қаржыға «Yahoo!»-ды сатып алуға бел буады, бірақ оның акционерлерінің қарсы болуына орай, бұл іс жүзеге аспай қалады. 2011 жылы мамыр айында интернет-телефонияда мамандандырылған Skype Limited компаниясын $8,5 млрд-қа сатып алатындығын жариялайды. Акцияны «Скайптың» негізін салушылар сатады. Skype Limited базасында Microsoft Skype Division бөлімшесі пайда болады. Оны Skype-тың бұрынғы директоры Тони Бейтс басқарады.
Мүлік бөлінісі
Microsoft акциясының 7,55 % Билл Гейтстің, 4,66 % Стив Балмердің, 1 % корпорация менеджерлерінің еншісінде, ал қалған құнды қағаздар NASDAQ: MSFT биржасында еркін айналымда.
Microsoft корпорациясы бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуде Windows операциялық жүйесі арқылы дүниежүзіне танылады. Қазіргі таңда корпорация жаңа өнімдер шығарумен айналысуда, олар: сервер бағдарламаларының жинағы, ойындар, бағдарлама құру құралдары т.б. Microsoft-тың Navision, Solomon, Great Plains компанияларын сатып алуының нәтижесінде жаңа әрі ірі Microsoft Dynamics (бұрын Microsoft Business Solutions деп аталған) бағыты пайда болды.
Қайырымдылық
АҚШ-та Microsoft бірнеше мемлекеттік саяси институттарға қаржылай көмек көрсетеді, соның ішінде American Enterprise Institute, Cato Institute, стратегиялық және халықаралық зерттеу институты және «Наследие» қоры. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде Microsoft Software Donation бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама бойынша коммерциялық емес ұйымдарға немесе NGO-ға тегін бағдарламалар орнатылады. 2008 жылдың қаңтар айынан бастап, Dell компаниясымен қосылып, Африка елдерінде ЖИТС-қа қарсы қайырымдылық жоба ұйымдастырады. Ноутбуктың XPS версиясының сатылымынан түскен қаржыдан аталған дертке қарсы көмек ретінде арнайы қорға ақша бөлініп отырады. 2006 жылдан бастап Microsoft Сиэтлде ұйымдастырылатын гей-парадқа демеушілік көрсетеді.
2002 ж. соңынан бастап Алматы қаласында Microsoft кеңсесі жұмыс жасап келеді. Мақсаты: бағдарламалық қамсыздандыру нарығын дамыту және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан аумақтарына жаңа технологияларды енгізу мен тарату.