+1 дауыс
9.5k көрілді
Сымбат Академиясында оқып жатқан ұл, қыздарымыз бар ма ?

1 жауап

0 дауыс

Алматы қаласында, Қонаев 43 мекенжайы немесе Жібек жолы даңғылы, 65а ғимаратында орналасқан мекеме - "Сымбат сән академиясы" (Академия моды Сымбат).

Жыл Оқиға
1947 ж.  тігін зертханасы негізінде құрылған
1988 жылдан  киім-кешек, аяқ киім және тоқыма бұйымдардың республикалық сән үйлері негізінде “Сымбат” сән және киім-кешек мәдениетін дамыту орталығы болып құрылды
1992 жылдан бұл орталық “Сымбат” сән академиясы болып қайта құрылып, АҚ-ға айналды
1987 ж. “Сымбат” сән театры құрылды
1996 ж.  академияның жанынан сәнгер-құрастырушы шығармалық мамандар даярлайтын “Жоғары сән“ колледжі ашылды
1998 ж. “Сымбат” сән бизнесі университеті ашылып, онда дизайнерлер, құрастырушылар, тігулі бұйымдар технологтары, маркетологтар даярлана бастады

Әлемнің көп жерлеріне танымал, көптеген жетістіктері бар.

Бүгін «Сымбат» сән Академиясы – бұл мінсіз холдинг. Оның құрылымы мынадай:

  1. VIP – сән салоны
  2. Тігін - тоқыма, аяқ киімі өндірісі
  3. Сән театры
  4. Сән мұражайы
  5. Модель агенттігі
  6. Сәнпаздар мектебі
  7. Сауда кешені
  8. Сауда үйі
  9. Сауда галереясы
  10. Биллиард залы
  11. Бизнес орталығы
  12. Оқу мекемесі
  13. «Сымбат» сән бизнесі Академиясы (бакалавриат, магистратура)
  14. «Сымбат» колледжі (орта кәсіптік білім)
  15. Дайындық курстары
  16. Білім беру курстары

«Сымбат» сән академиясының президенті – Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы.

Ресми сайты, байланыс және қатынау, толық мәлімет әрбір жазудың үстіне сілтемеленген.

...