0 дауыс
716 көрілді
Сыпай сөзінің түп-төркіні қайдан шыққан? Кейбір кітаптарда әскерді, жасақты "сыпай" деп атайды екен.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сыпай (Османлы түрікшесі: سپاهی; — Османлы империясының қарулы күштеріндегі атты әскерлердің атауы. Он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырларда француз және италиян отаршыл әскерлеріндегі атты әскер де осылай аталған. Бұл сөз парсы тілінен سپاه (сепоһ, «әскер» деген мағынада) шыққан.

Сыпайлар Османлы империясындағы Алты бөлімді атты әскердің құрамындағы таңдаулы әскер — атты әскерге жатады. Сыпайларды ортағасырлық Еуропадағы рыцарьлармен салыстыруға болады. Сыпай көбінесе тимар деп аталатын жер иелігінің иесі болатын. Бұдан османлы сұлтаны тікелей беретін тимарлы сыпай деген атақ келіп шыққан. Әскери қызмет атқарғаны үшін сол иеліктің кіргізетін бар табысы сол тимарлы сыпайға тиісті болатын. Иеліктің жерінде тұратын шаруалардың бәрі сол жерден кетуге хұқықтары болмайтын.

Сыпайлар әскердің жеке түрі ретінде І-ші Мурадтың кезінде пайда болды. Басында сыпай әскеріне жаңа жауынгерлер, жаңа шеріктер секілді девшірме жүйесі арқылы алынатын, бірақ сұлтан ІІ-ші Меһмедтің заманынан бастап олардың қатарлары империяның ішінде жерді иеленетін түрік ұлтынан толықтырылатын болды. Сыпайлар османлы атты әскерінің ең үлкен бөліміне айналды. Сыпайлардың міндетіне әскери парадтардың кезінде сұлтанның нөкерлері ретінде шеру құрып жүру де кірді. Бейбітшілік кезінде сыпайлар салық жинаумен де айналысты. Алайда сыпайларды тимаршылармен шатастыруға болмайды. Тимаршылар тұрақты емес әскери қосындарға жататын, оларды тек ауызекі тілде ғана сыпайлар деп атайтын. Ал іс жүзінде бұл екі қосынның арасында елеулі айырмашылықтар бар еді.

Вена шайқасының кезіндегі сыпайлар, 1683

Сыпай иелік ететін жердің ең кіші бөлімі тимар деп аталатын. Оның кіргізетін жылдық кірісі 10000 акчеден аспайтын. (Салыстыру үшін: бұл сома мұғалімнің жылдық кірісінен 2-4 есе ғана көп болатын.) Одан үлкен жер телімі зиямет (زعامت) деп аталатын, оның кіргізетін табысы 100000 акчеге дейін барған. Зияметтерге сардар шеніндегі сыпайлар иелік ететін. Жердің ең үлкен телімі — ғас (غاص), ол 100000-нан астам акче табыс келтіретін. Оған әскердің ең жоғары лауазымды қызметкерлері ғана иелік ететін. Тимарлы сыпай әскерге 5 жауынгер, зияметті сыпай 20 жауынгер, ал ғасты сыпай 20-дан астам жауынгер жіберуге міндетті болған.

Жаңа шерік қосындарымен бақталастық

Атты әскер болғандықтан, сыпайлар өздерін жаңа шеріктерге қарағанда жоғары дәрежелі әскер қосыны деп санаған. Оның үстіне жаңа шеріктер түрік және девшірме арқылы алынған түрік еместерден тұратын да, сыпайлар толығымен дерлік түрік жер иеленушілерінен тұратын. Екі топтың арасында болып тұрған дүрдараздық Түркияда қазірге дейін қолданылатын "«Atlı er başkaldırmaz»" деген мақалдан көрінеді («Атқа мінген ер бас көтермес»). Яғни жаңа шеріктер жиі-жиі бас көтеріп тұрған болса, сыпайлар олай етпеген.

16-шы ғасырдың ортасына таман жаңа шеріктер әскердің ең маңызды бөлігіне айналып үлгерді, бірақ сыпайлар да империяның экономикасы мен саясатында маңызды роль атқаруларын жалғастыра берді. 17-ші ғасырда сыпайлар, өздерінің бақталастары жаңа шеріктермен бірге сұлтан IV-ші Мурадтың билігінің бастапқы кезеңінде елдің іс жүзіндегі билеушілеріне айналды. 1826 жылы сыпайлар жаңа шерік қосынын таратуға белсенді түрде араласты. Сыпай атты әскерінің көмегімен сұлтан жаңа шеріктерге күш қолданып, оларды таратып жіберді.

Алайда екі жыл өткен соң сыпайлардың өздері де сол жағдайға душар болды. ІІ-ші Махмуд оларға берілген артықшылықтардың күшін жойып, заман талаптарына сай келетін әскер ұйымдастыру үшін оларды да таратып жіберді. Сыпайлар жаңа шеріктердей бұған бас көтерген жоқ. Олар тыныш, тәртіпті түрде,ешбір қан төгусіз қызметтерін тоқтатып, жаңа әскери талаптар бойынша құрылған Османлының жаңа атты әскеріне барып қосылды.

 

–1 дауыс
Сыпай сөзі-сыпайы, мәдениетті деген сөздерге жақын.
...