+1 дауыс
37.9k көрілді
Күшәланың пайдасы мен зияны қандай? Ғылымда қалай атайды? Неден жасайды?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Күшала өкпедегі туберкулез таяқшаларын өлтіріп қана қоймай, адам денесінің басқа да ауруларға қарсыласу қабілетін көтеретіні тәжірибеден белгілі. Күшаланың ағы, қара-сы болады. Ағын әйел-дер, қарасын ерлер қабылдаса, дәрілік қуаты жоғары болады. Мәселен, бір дана күшаланың сыртындағы түгін қырып тастап, қойдың бір литр құйрық майына салып, су моншасының ішінде бір сағат қайнатады. Банкінің астына күймейтін ізбес қағазын қояды. Майға күшаланың сәл қышқыл дәмі шығады, осы майдан шай қасықпен ас алдында күніне 3 рет жейді. Майды ақырын қыздыра қайнатса күймейді. Қоңырқай тартып ісініп ұлғаяды. Демек оны майдан алып, ыстық сорпаға, не ыстық сүтке салып ішуге де болады. Әрине, өкпенің асқынып кеткен туберкулезі болса, жалғыз күшаланың әлі жетпей қалуы да мүмкін. Сондықтан халық емінде ежелден қолданылып келе жатқан күшті шөп дәрілерді қоса пайдаланса нұр үстіне нұр.

Күшаланы үнемі өзінің жөнімен ішкен адам үш айдан кейін рентгенге түсіп тексерілуіне болады.
* Туберкулез таяқ-шаларын өкпеден ығыстырып тазалауда шетен ағашының жас бұтақтары мен жапырағы, дәні сапалы дәрілердің бірі болып есептеледі. Шетен биік таулардың қалың орманы арасында өсетін ағаш. Оның жапырақтары мен жас бұтақтарын маусым-шілде айларында жинап, ұсақтап турап, жел қағып тұратын көлеңкеде кептіріп сақтайды. Бір ас қасығын 250 мл суға 5 минут қайнатып, бір сағат бұқтырады. Бір қайнатқанда бір күнде үшке бөліп ас алдында ішеді. Бір емдеу мерзімі 20 күн. Бір апта үзілістен кейін қайта жалғастырады.
0 дауыс
Күшаланың ғылыми аты - мышьяк. Қасқырды улауға, тышқанды улауға қолданылатын дәрі есебінде белгілі.
0 дауыс
"Қазақстан Әйелдері" журналдарынан алынған  мақала.

зейнеткер,медицина ғылымының кандидаты Жібек Қаңтарбаеваның жазған мақаласы, жазған Копболсын Айғаным ТАРАЗ қаласы АСА ауылы 8 сынып оқушысы.
Күшала жалғасы:

Бұл өсімдік өріс алған жері Орта Азия, оның ішінде Жамбыл мен Шымкент облыстары. Әсіресе, Қаратау жотасында және күн батыста - Тянь-Шаньда көп. Қазақстан көлемінде күшаланың екі-ақ түрі өседі. Регел  және леман эминиумдары. Көктемнің көкек, мамыр айларында аталған таудың етегінен гүлдеген күшаланың кездестіруіге болады.

Күшаланың тұқымдары кемеліне жеткен уақытта гүл қауашығының төменгі жағындағы ақ қабыққа тұқымдары домлақ, болмаса сопақша болып бірнеше түйінде біріне бірі жабысып тұрады. Әбден піскен шағында тұқымның түсі қоңырқай тартады.

Н.В.Павловтың зерттеуі бойынша жас уақытында түгел улы болады. Аңшылар күшала тұқымдарын етпен араластырып қасқыр, түлкілерді улау үшін қолданған. Күшаланың жапырақтарын жеген қойлар уланады, ал тасбақаларға бұл жапырақтар әсер етпейді деген пікір бар. Құмтышқандар көктемде күшала тамырларын іздеп қазып алып жейді екен.

Реген эминиумі- көктемде гүлдейтін өсімдік. Ол ерте гүлдеп, жапырақтары аз уақытта қурап, желмен ұшып кетеді. Халық күшала гүлдеген кезде оның жанына қазық қағып белгіп қояды да қазан айларында тамырын қазып алып, оны жуып \жіпке тізіп көлеңкеде кептіреді. Сөйтіп, емге қолданады.

Өкінішке орай, медецинада бұл емдік қасиеті өте күшті, сирек кездесетін шөп әлі күнге дейін қолданылмайтын келеді. Ал халық емшілері күшаланы өкпе ауруларына және бел омыртқа сыздап буындар сырқырағанда қолданады. Өкпе туберкулезін емдегенде күшаланы қымызға салып, бір кесе тұнбасын күніне 2 рет ішетін. Ал омыртқа мен буын ауырғанда дәрілік шөптің тұнбасын теріге әбден сіңгенше сылап жаққан. Одан кейін науқас адамды  жылы орап тастаған. Бұл шөп өте улы болғандықтан, оны аса ұқыптылыпен пайдаланып отырған.
0 дауыс
Күшала-(орысша-карандаши, латынша-регел эминиумы) бұл көп жылдық  өсімдік. Шамамен биіктігі - 20-40 сантиметр, жапырақтарының ұзындығы 10 сантиметр, ені 1,5-3 сантиметр боп келеді. Жапырақтары сабағынан ұзын, төменгі жағы үүшкірлеу, кейде бұтақ сабы келемшемен қосылады.

Түтікше өзегі 7-13 сантиметр, ені 3-6 сантиметрге дейін жетеді. Гүлдегенде оның гүл қауашығының ішкі жағы назарыңызды еріксіз аударып, күлгін-көк барқыттай құлпырады.

Күлашаны халық арасында - қара пышақ деп те атайды. Себебі гүлдеген кезде гүл қауашығы ішінен жіңішке қосымша собық, үшкір күлгін-көк түсті 5-9 сантиметрдей тік өзек (пышақ, қарындаш тәрізді шығады. Өсіп келе жатқан собықтыңжағымсыз иісі болады. Күшаланыңтамыры грек жаңғағының мөлшеріндей дөңгелек келеді, жан жағынан жіңішке тамырлар өседі.
0 дауыс
Жарайсың, Айғаным қызым!
0 дауыс
Қырғызстанда күшәлә дәріханаларда сатылады. Қырғызстанда күшәләні дәрі қылып шығарады. Күшәлә Қырғызстанда таулы аймақтарда өседі екен. Қазақстан мен Ресей елдері күшәләні тапсырыспен алғызады. Қазақстан күшәлә мұсылмандық дәріханаларда сатылады. Күшәләні барлық ауруларға қолданады. Қырғызстанда күшәләні 《кучала》 деп атайды екен
0 дауыс

Күшәлә 

Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейі оқушысы 8- сынып Копболсын Айғаным

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
3 жауап
–1 дауыс
10 жауап
Белгісіз 20.03.2015 Қоғам сұрақ қойды
...