0 дауыс
8.5k көрілді
Төлеңгіт деген ру атауы ма, әлде жасақ атауы ма?

Ру атауын да кездестірген секілдімін. Хандар өздерінің жеке күзеттерін "төлеңгіт" деп атаған деген жолдарды да бір кітаптан оқығаным бар еді.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қызық сұрақ, ия моңғол хандары өз қызметшілерін төлеңгіт деп атаған, содан қазақ халқына кірігіп, қосылғанда төлеңгіт деген ру пайда болып оларды Төлеңгіт деп атаған (үш жүзге жатпайтын рудың біреуі) Сонда Төлеңгіт деген ру да, ханның қызметшілері де болады
–1 дауыс
Жалайыр 6 — 7 ғасырларда Түркі қағанатының құрамында болған. 8 ғасырда Сыр бойынан шығысқа қоныс аударады. Ол кезде олар оғыз тайпалық бірлестігінің құрамында болатын. 11 ғасырда бұл топ Цзубу одағының құрамында Хэрлэннің төменгі сағасында Қидан, Шүршіттермен қанаттас тұрды. 9 ғасырдан бастап жалайырлар он рулы “жат жалайыр” тайпасы атанып кетті. Олар: Жат, Тоқырауын, Көнсауыт, Құмсауыт, Оят (Рашид əд-Дин “ұят” деп көрсеткен), Нілқан, Құрқын, Төлеңгіт, Бөрі, Шаңғұт. Төлеңгіт: Мамадайыр, Құсшы, Қалмақ, Дейіт, Табын, Жемет, Қара ешкі, Уанас, Жалаң,Таз, Жөлке, Оңажыт, Боран, Телеу деп жіктеледі. «Төлеңгіт «Түгел тарихта» Шыңғыс ханның дәргейіне келтірілген қонысы шалғай тайпалардың қатарында айтылады. Татар даласының терістік сыртында, орманды алқапта тұрады, сондықтан да «ағаш-елі» атанатын қауымға жатады. Бұлардың тіршілік кебі ортақ – негізінен аңшылық болғанымен, тұқым-тегі де, тұрмыс-салты да әрқилы деп жазған Рәшид-әд-Дин. Ал төлеңгіттің түрік нәсілді екенін атап көрсеткен.

Төлеңгіт (теленгут, теленгит) – түрік әлемінің шығыс атырабында қалыптасқан ежелгі рулардың бірі. Түп негізі (толонко, доланьге) ғұн жұртының бір әулеті саналатын, қытай деректерінде гаогүй аталған Теле тайпа бірлестігінен бастау алады. Жарақты әскері бір түмен, яғни бүкіл төлеңгіт – 10 мың шаңырақ, 50 мың жан шамасында болған. Ғұн ұлысына жалғас Ұлы Түрік қағанаты кезінде тоғыз-оғұз құрамындағы саны мол әрі жауынгер, негізгі рулардың қатарында, Толы өзенінің аңғарында жасапты. Алып мемлекет екіге бөлінгенде Көк Түрік – Шығыс қағанат құрамында қалады. Бұл кезде Ұлы Даланың орталық-шығысындағы Запқан өзенінің бойында қоныстанған екен. Көк Түрік ұлысы ыдырағаннан соңғы қырқыс, бұлғақ замандарда саны азайып, қуаты да кеміп, Байкөл маңы, Саянның сыртына қарай ығысқаны байқалады. Бұл кезде әуелгі қуатты қауымның кейбір бұтақ, бөлшектері Ұлы Дала шегінде қалған басқа бір іргелі тайпалардың құрамына кіргенін көреміз. Мәселен, Рәшид-әд-Диннің көрсетуінше, он ата жалайырдың үлкен бір тармағы төлеңгіт аталады» Рәшид-әд-Дин шежіресінде төлеңгіт аталары таратылмайды. Жаңа замандағы деректер бойынша, Алтай өңіріндегі, оқшау отырған, яғни өзінің әуелгі қалыбына жақын төлеңгіт жұртында: мұндұс, тодош, ырғыт, көбек, сағал, тоғұл, тонжон, орсақ деген және қыпшақ, алмат (ежелгі керейдің бір бұтағынан), найман, төлес, меркіт есімді тармақтар бар екен. Бұлардың бастапқысы – төлеңгіттің өзіне ғана тән деп шамаласақ, соңғылары – кейінгі жаңқа-жарқадан қосылған жұрт деуге тиіспіз. Ал қазақтағы төлеңгіт: мамадайыр, құсшы, қалмақ, дейіт, табын, найман, жемет, қара ешкі, уанас, жалаң, таз, жөлке, оңажыт, боран, телеу деп жіктеледі. Тек бір ғана сөз – мұндағы «қалмақ» – кәдімгі қалмақ емес, XV–XVI ғасырлардағы Дәшті-Қыпшақ көшпенділері құрамында аталатын рудың бір ұшқыны, немесе әуелгі біртұтас төлеңгітпен бірге келген аттас қауым болса керек. Төлеңгіт шежіресінде қалмақ табы Желден деген кісіден тарайды. Бұл желден және табын, телеу, таз бен жалаң Алтайдағы төлеңгіт руының ішіндегі кіші аталардың қатарында саналады. Қазіргі қазақтағы аталы басқа тайпалар сияқты, төлеңгіт руынан шыққан тұлғалар да ел өмірінде елеулі із қалдырды. Абылай хан заманындағы қолбасы Жаназар батыр, XIX ғасырдың алғашқы жарымында өткен ақын қыз Жазық, XIX–XX ғасырлар шегінде жасаған күйші Дина Нұрпейісова, XX ғасырдың екінші жарымында атаққа шыққан математик Орынбек Жәутіков, Қазақ ұлт аспаптар оркестрін түрлентіп, қайта құрған дирижер Шамғон Қажығалиев, классик жазушы Тәкен Әлімқұлов, белгілі әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиев осы ежелгі жұрттан болатын. Қазіргі тарихшылар пікіріне назар аударсақ, Т.Омарбек «Тарақ таңбалы қазақ руларының тарихи тамырлары» мақаласында («Шәмші» журналы,, 2009 ж. №11): «Жалпы қазақ халқын құраған тарақ таңбалы бес тайпаның ішінде (төре, жалайыр, төлеңгіт, тарақты-табын, тарақтының өзі) ежелгі тарихы терең, ұлыс ретінде белгілі тайпалар кімдер дер болсақ, алғаш төлеңгіттерді ауызға алар едік...Олар Х ғасырда Қытай деректерінен белгілі болған Жалайырлардан да бұрын VII ғасырда жеке ұлыс ретінде көршілеріне белгілі болды», – деп мынадай тізім келтірген: Солтүстік ғұндары– Гаогюйдің Телеңгіті (Теленгут)–Теле Теленгіті (Толанко) – Тоғыз-оғыз Теленгіті (Доланге) – Жалайырдың Телеңгіті (Тулангит) – Тарақты.
0 дауыс
Менің руым Төлеңгіт! ал төлеңгіттің ішінде Қалмақ! мен бөгенбайдың ұрпағымын
...