Қазақстанның қанша адамы обыр ауруына шалдыққан?

0 дауыс
301 қаралым
Қазақстанның  қанша  азаматы обыр(рак) ауруына шалдыққан. Нақты қай сатыда,қаншасы жазылды,көбеюде ме әлде азаюда ма?
Тазалық

1 жауап

0 дауыс
Ресми деректерге жүгінсек, Қазақстанда жыл сайын 30 мыңға жуық азамат қатерлі ісікпен тіркеледі. Оның 16 мыңға жуығы қайтыс болады. Алматыда жыл сайын 4 мыңға жуық тұрғын қатерлі ісікпен ауырып, оның 1300-1400-дейі көз жұмады. Қазір ең бірінші кезекте сүт бездерінің қатерлі ісігі тұр. Маммолог-дәрігер Мұратжан Сағындықовтың айтуынша, сүт бездерінің қатерлі ісігі обыр дертіне ұшырағандардың ішінде бірінші орында тұр. Соңғы кездері әйелдер арасында обырды әбден асқындырып барып келетіндер саны едәуір азайыпты.

Мамандардың айтуынша, қазір бүкіл әлемді алаңдатқан рак дертіне ұшырағандар Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар мен Қостанай облыстарында көп екен.

Қатерлі ісіктен көз жұмғандар әсіресе, Қарағанды мен Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жиі кездеседі.
Белгісіз
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы