0 дауыс
2.1k көрілді
Біздің мектепте сотка әкелуге рұқсат етпейтін еді, сол дұрыс па? Мысалы оқушы оны әкелсе бірақ сабақтан тыс кезде қолданса болды емес пе? Сол жалпы тыйым салғаны дұрыс деп ойлайсыздар ма?

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Таяқтың екі ұшы бар дейді ғой. Сол сияқты бұл сұрақта да екі түрлі көзқараспен қарауға болады. Бір жағынан ұялы телефон оқушының сабаққа деген талпынысын жоғалтса, бір жағынан егер оқушының үйінде бір жағдай болып жатса немесе басқа да жағдайларға байланысты керек болып қалады. Егер оқушы сабақтан тыс қолданатын болса рұхсат беру керек. Ал сабақтың үстінде пайдаланып отырса ескерту жасап, оған көнбей жатса алып қоюға болады.
+1 дауыс
менің ойымша әрине жоқ. ал егр ата-анаң саған  хабарласа сен білмей қаласын ғой
+1 дауыс
Негізі ондай заң жоқ. Бірақ әкелмеу туралы мектеп бұйрық шығара алады. Мектептің бұйрығына қарсы келе алмайсыздар. Олардікі заңды.
орынды жауапқа рахмет.
0 дауыс
Негізі әкелмеу керек.Мектеп болғандықтан білім алуға келеді оқушылар.Олар басқа дүниеге назар аудармай, сабағын оқыған жөн.Мектеп телефон әкелуге болмайды деп заң болса, әкелмеу керек.Оқушының телефон сабақтың аяғына дейін бермеуге ұстаздың толықтай құқығы бар, заң орнатылып жатырса.
0 дауыс
Zhanar996 дурыс айтады.менинде алып косарым бар. Казир техниканын дамыган заманы. Окушы телефон устасын. Апайга тапсыРып койсын. Кайтарда озине кайттан берсин..
+1 дауыс
Мұғалімдер қаталдау болса, ешкім апармайтын еді, апарса да сабақ уақытында қолдана алмас еді. Ал қазіргі мұғалімдер (барлығы емес) өзі сабақта соткасын шұқылап отырады оқушылармен қосылып. Жалпы әр сабақта бір ата-ана сабаққа қатысып қадағалап отырса жақсы болар еді, сонда мұғалім өз ісіне мұқият қарайтын еді.
0 дауыс
Мектептің өзінің ішкі ережесі болады. Ережеге бағыну қажет, отбасында бір жағдай болса, сынып жетекшісімен.болмаса оқу ісінің меңгерушісі мен, директор мен хабарласуға болады. Мектеп телефон нөмірлері оқушының күнделігінде болуы керек, оны сынып жетекшісі қадағалайды.
Түсінікті
0 дауыс
жок мулдем дурс емес
...