0 дауыс
1.8k көрілді
Әлемдегі ең үлкен футбол алаңдарын (стадион) білесіз бе?

Олар туралы мәлімет берсеңіз.

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Әлемдегі ең үлкен футбол стадиондары

Көптеген футболсүйер қауымның « Әлемдегі ең үлкен стадион қайсы?» деген сұраққа «Маракана» стадионы деп жауап берері анық. Осы жауап қаншалықты дұрыс? Сіз бен біз болып, әлемнің ең үлкен футбол стадиондарының рейтингін жасап көрейік.

10. Уэмбли, Лондон, Англия -90 000

Әлемнің ең үлкен футбол стадиондарының арасында оныншы орынды – Англияның басты футбол арнеасы Уэмбли иеленеді.

2007 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылған стадионға бір мезгілде 90 000 адам сыйып кетеді.

9. Камп Ноу, Барселона, Испания – 99 350

Тоғызыншы орынды тұңғыш еуропалық футбол алаңы Ноу Камп алады. 2001 жылға дейін стадионның ресми атауы  Estadio del Club de Futbol Barcelona болып келді. Камп Ноу 1957 жылы тұрғызылып, 1998 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Стадионда бір мезгілде 99 350 жанкүйер ойын тамашалай алады.

8. Мельбурн Крикет Граунд, Мельбурн, Австралия – 100 000

Сегізінші орындағы стадионды анықтау үшін Австралия құрлығына сапар шегуге тура келеді. Стадион атауы көрсетіп тұрғандай, бұл стадионда тек футбол ойындары ғана емес, басқа да спорт ойындарының өткізілетіндігін байқаймыз. Стадион тарихы алдыңғы ғасырдың орта тұстарынан бастау алады. Айтпақшы дәл осы Мельбурн Крикет Граунд 1956 жылғы Олимпиада ойындарының негізгі аренасы болған. Стадионда 100 000 адамның ойын тамашалау мүмкіндігі бар.

7. Азади стадионы, Тегеран, Иран – 100 000

 Ең үлкен футбол алаңдарының рейтингінде Мельбурндағы алаңдағыдай бір мезгілде 100 000 адам сыйып кететін  Иран жеріндегі Азади стадионы жетінші орынды иеленеді. Азади «Бостандық» деген мағынаны білдіреді.

Стадион 1974 жылғы өткізілген Азия ойындарына арналып, 1971 жылы тұрғызылған. Рейтингті анықтау барысында стадионның тұрғызылу жылына, географиялық орналасу аумағына назар аударылған.

6. Бунг Карно Стэдуим, Джакарта, Индонезия – 100 000

Тағы бір 100 000 адамды қабылдай алатын стадион Бунг Карно Стэдиум өзінің қайталанбас ерекшеліктерінің арқасында алтыншы орынды иеленеді. 1960 жылы тұрғызылған стадионда 1962 жылғы атақты Азия ойындары өткізілді.

5. Джавахарлал Неру стадионы, Нью-Дели, Үндістан – 100 000

Делидегі аталған мультиспорттық стадион 1982 жылы тұрғызылған. Стадионда тек футбол немесе басқа да спорт ойындары ғана емес, Үндістан жұлдыздарының концерттері жиі өткізіліп тұрады.

4. Букит Джалил ұлттық стадионы, Куала-Лумпур, Малайзия – 100 200

Төртінші орынды Малайзия астанасы Куала-Лумпурде орналасқан Букит Джалил стадионы иеленеді. Жоғарыдағы стадиондардан небәрі 200 адам сыйымдылығымен ерекшеленетін стадион 1988 жылы тұрғызылған.

3. Ацтека стадионы, Мехико, Мексика – 105 000

Үшінші орынды Мексика астанасы Мехикода орналасқан аты аңызға айналып үлгерген Ацтека  стадионы немесе Estadio Azteca иеленеді. Арена 105 000 адамды қабылдайды. Стадион 1966 жылы тұрғызылған. Негізінде бұл орынға бразилиялық Маракана стадионының ие болуы мүмкін еді. Алайда соңғы жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін аталған стадионға бұрынғыдан әлдеқайда аз адам сыятын болды.

2.  Солт-Лейк стадионы, Калькутта, Үндістан – 120 000

Екінші орынды анықтау үшін тағы да Азияға, тағы да Үндістанға ораламыз. Үндістанның Калькутта қаласында орын тепкен Солт-Лейк стадионы 1984 жылы тұрғызылған. Соңғы жөндеу жұмыстары 2001 жылы жүргізілді. Алюминийден жасалған шатыр стадионның 70% -ын жауып тұрады.

1. Бірінші мамыр стадионы, Пхеньян, Солтүстік Корея – 150 000

Әлемнің ең үлкен стадионы – Бірінші мамыр стадионы. 150 000 адам сыятын алаң Солтүстік Корея астанасы Пхеньян қаласында орналасқан. Ғимарат пішіні гүл жапырағын еске түсіреді. Стадион атауы бірінші мамырда аталып өтетін еңбекшілер күнінің құрметіне  берілген. Стадионның ашылуы 1989 жылы бірінші мамырда өтті.

Қумаш ең үлкен стадион Маракана стадионы емеспа.Ішінде Үндістан нағып жүр Үндістан футболға жоққо.
0 дауыс
http://massaget.kz/layfstayl/sport/tulalar/2368/ осыны оқып көр.
0 дауыс
Ең үлкен стадион Маракана стадионы Бразилияда салынған.
...