0 дауыс
2.8k көрілді
Жасөспірім қыздар арасында ерте жастағы жүктілік белең алып барады. Мектеп партасында отырып, екіқабат болатын оқушы қыздардың саны жетерлік. Бұл ата-ананың жауапкершілігінің төмендігі ма, әлде білім беру бөлімі тәрбиені жеткілікті бермегендіктен ба?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Тәрбиеге
2. Қанға байланысты.

Баланы үнемi қадағалап, ұрсыпта отыру қажет. Намаз үйретiп, дастархан басында Аллаh жәйлi уағыз айтып отыру керек. Бала ата-анаға қарап өседi, қәзiргi қарияларда намаз оқымайды, жұмаға да бармайды. Оларды көрген бала қай бiрi оңар едi. Бекерден бекер тектi жердiң қызын алыңдар демейдi, өйткенi ата-бабалары дiндар, тектi адамдардың ұрпақтары ондай қадамға бара бермейдi, себебi олардың ата-бабалары өнеге алатындай адамдар болғанын ұл-қыздарына қарап аңғаруға болады.
Сарқылып қалған салтыңды көрдім,
Сарғайған сол бір қалпыңды көрдім.
Қызығы кеткен қызыңды көрдім,
Қызара бөрткен қартыңды көрдім.
Жастық пен мастық қатар жүреді,
Қайғырып анаң, атаң жүдеді. Деген екен...
+1 дауыс
Екі жақтың да кінәсі бар айта алмаймын. Білім бөлімінен қателік жоқ. Ата-анадан да қателіктер жоқ деуге болмайды бар, бірақ көбі жас қыздар мен жігіттердің кесірінен. Өздері ұрынады. Бұл қазіргі таңда ұлттық мәселеге айналып отырған нәрсе. Заң шықпаса болмайды. Қыздан ұят кетті деген осы. Кейін не боларымыз бір Аллаға ғана аян, бөйтіп жалғаса берсе.
+2 дауыс
Ата-ананың қанағаттандырарлықтай тəрбие бере алмауынан деп жауапкершіліктің бəрін ата-анаға жаба салуымызға болмайды. Бұл жақта нақты кінəліні табу қиын. Жігіт те, қыз да жəне олардың отбасы да осы жағдайға жауапты.
Қазір көп ата-ана жұмыста болады кешке дейін. Керек десеңіз түнге дейінде жүреді. Сол бала шағасының қамы үшін. Ол жайлы не айтар едіңіз. Бала бұндай кезде тәрбие алады деп ойлайсыз ба?
Бала берсең сана бер сана бермесең ала бер деп бекер айтпаса керек. Бұл жерде енді баланың санасына бермесе қиын. Қандай жағдай болмасын балаға Алла туралы айтып, ненің бұрыс, ненің дұрыс екенін түсіндіріп қою керек деп ойлаймын. Мен айтқандай тəрбиеленген балаларды көргенмін. Басқа балаларға қарағанда тəртіпті болып өсіп келе жатыр. Ал ата анасы сіз айтқандай таңнан кешке дейін жұмыста. Тек жатар алдын балаларына көңіл бөліп, бүгінгі күнінің қалай өткенін, ешкімді ренжітпеді ма, алдамады ма сұрап отырады. Бала бұндай жағдайда өтірік айтуға ұялады. Балаға 1 сағаттай көңіл бөлу керек. Уақытты тиімді пайдалану туралы анасы үнемі балаларына айтып отырады. Олар адамды ренжіту, ұрлық, алдау деген сияқты істерді Алла жек көреді деп біледі. 2 алсақ анамыз ренжиді деп үнемі жақсы оқуға тырысады. Менің де ертең балаларым болғанда осы тактиканы қолдану ойымда бар :)
+1 дауыс
Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деп бекер айтылмаған. Бар тәрбие отбасынан басталады. Мектептің кінәсі жоқ.Бірақ, кейбір жағдайда ата -анасы тап тамаша кісілер болса да, баласы жаман жолмен жүріп кетіп жатады.Сондықтан ата-ананың кінәсі деп те толық айта алмаймыз. Әрине, бірінші кезекте ата-анасы баласына ненің дұрыс ненің бұрыс екенін үнемі айтып отыру керек, сонымен қатар балаларының достарын да білгені жөн, себебі баланың өзгеруіне қоршаған орта, қасындағы адамдар да айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан да ата- анасы сен анау балаға ерме байқап жүр деп те айтып отыру керек. Ең бастысы баланы махаббатпен өсіру керек, тіпті ата - ананың уақыты болмаса да, бала олардың махаббатын сезіне білу керек.
+1 дауыс
Ата-ана мен мұғалім осындай жағымсыз құбылыстың белең алуында белгілі бір деңгейде жауапкершілік арқалағанымен, барлық қателікті оларға жаба салуға болмайды. Оған кінәлі, әрине, арын сақтамаған қыз бен жауапкершілігі жоқ жігіт.
0 дауыс
Қысқасы, қызға қырық үйден тыйым. Сонда мұндай жағдайлар орын алмайды.
0 дауыс
Мұндай маселелерде қалайша мектеп кіналі болады. Мектептегі ұстаздар қыздарды жігіттің қойнына салып беріп жатқан жоқ. Санасы төмен, рухани азығы жоқ, тарбиесі төмен отбасынан шығады бұндай қыздар.
...