Бағдарламашы деген кім? Бағдарламашы - арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік алгоритмдерді және бағдарламаларды құрастыратын маман.
Алгоритм - бағдарламашының басты пәні. Алгоритмсіз бағдарламашы бола алмайсың.
Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады.
Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады.
Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әр түрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар, олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қаматамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды.
Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен, олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады.
delphi-ді көбіне қолданбалы бағдарламашылар деректер қорын басқару интерфейстерін жасағанда қолданады.
Қорыта келгенде:
Болашақта қандай бағдарламашы бола аласың, соған лайық бағдарламалау тілдерін үйрен.