Жердің амандығы елдің амандығы атты шығарма керек?

0 дауыс
1.3k қаралым
Жердің амандығы елдің амандығы атты шығарма керек?
Қазақ тілі

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан,  адамдарын ардақтаудан басталады.»

Н.Ә. Назарбаев.

Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап-ақ адам баласы туған үйін, туған ауылын тани бастайды.Өсе келе оның топырағынан өзіне нәр алып, оның қырындағы әсем гүлдерін теріп, құмары қанғанша бал-шырынды суын ішіп, мейірі қанғанша таза ауасын жұтады. Міне, осы жерді әр адам атамекенім, алтын бесігім деп біледі.

Әр елдің атамекенін ардақтаған, кіндік қаны тамған жерін сүйген ұл –қыздары:

Туған жер топырағыңнан айналайын,

Өзіңмен өле-өлгенше бір болайын.

Егер де елді сүйсең менше сүйгін,

Ал, тыңда мекенімнен сөз қозғайын , - деп туған жер, өсірген ел туралы сөз қозғап жатады. Ендеше талай заман, талай ұрпаққа жайлы мекен, құтты қоныс болған аулымды неге жырламасқа, неге мақтамасқа, оған неге жылы сөз арнамасқа?

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. 

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Қай ұлттың болсын ана тілі, ата дәстүрі, салт-санасы - сол халықтың өзіндік қадір-қасиетін, жан дүниесін, тұрмыс-тіршілігін көрсететін төл белгілері. Олар - бүкіл бір халықтың өмір жолында ғасырлар бойы мысқалдап жинаған рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ардақ-мұрасы. Онсыз қара шаңырағы бар іргелі ел болып, бүтін ұлт болып қалу мүмкін емес. Ана тілі, ата дәстүр өзінен-өзі жалғаспайды немесе біреу сырттан келіп сен үшін көсегеңді көгертіп сақтап та бермейді. Халықтың өз бет-бейнесінен айырылуы не сақтап қалуы - әрбір ұрпақ өкілінің өзінен кейінгі ізбасарларына бабалар аманатын қай сапада жеткізуіне байланысты.

Мына бауырлас өзбек, ұйғыр халықтарында қыз-келіншектер, жігіттер мен балалар өздерінен жасы үлкен ер адамға да, әйел адамға да: «Саламалейкум!» - деп қолын кеудесіне басып сәлем береді. Бұл салт олардың өздеріне жарасып тұрады әрі ұлттың бір ерекшелігі секілді табиғи көрінеді. Дүниежүзіндегі барлық мұсылман халықтар «ассалаумағалайкүм» деп амандасады. Өйткені бұлайша сәлемдесу - ислам дінімен бірге келген. Десек те, әрбір ұлттың ислам дінінен бұрынғы таным-нанымы болғаны тарихтан белгілі. Мүмкін сондай бір өзіндік ұғымдардың әсерінен бе, әйтеуір, қазақта ер адамдар ғана бір-бірімен «ассалау» деп сәлем береді. Ал ер адамдар - әйелдерге, керісінше әйелдер - ер-азаматтарға немесе өзара олай сәлемдессе, көзге де, көңілге де біртүрлі томпақ көрінер еді. Сонда да, жиі болмағанымен ел сыйлайтын үлкен әжелерге, өзің айтқан Мәриям апа секілді ел анасы болып кеткен кісілерге жігіттердің жоғарыдағыдай сәлемдесуінің ешбір қателігі жоқ. Құлаққа салқын естілмейді, қайта ерекше ілтипат белгісіндей салмағы арта түседі. Бірақ әйелдердің барлығына таралған әдет емес. Қазақта бұл жаппай сипат алмаған.

Сәлем жосындарының түрлерін айтқанда бір нәрсе ойымнан қалыс қалыпты, ұмытыппын. Олар - балдыз бен жезденің, қайны мен жеңгенің арасындағы амандасулар. Бұлардың былайғы адамдармен есендесу шеңберінен шығып кететін тұстары бар. Өзге ұлтты білмеймін, ал қазақта балдыз-жезде, қайны-жеңгелер әзіл-қалжыңдары жымдасатын, әңгімелері жалғасатын, ойын-күлкілері жарасатын өте бір тату жандар болып келеді. Бір-біріне батып та, батыл да сөйлейтін әрі оған ешқайсысы шамданбайтын, өзгеге айтпайтын жүрек түкпіріндегі сырларын өзара ашатын да - осылар. Қазақ ғұрпында балдыздың жездеге наздануы, қайнының жеңгеге еркелеуі сыйластығы ерекше сүйкімді қарым-қатынас болып саналады. Тонның ішкі бауындай жандары жақын сырлас әрі қимас болғандықтан олар қолдасып та, құшақтасып та амандаса беретін. Бұл еркіндікті қазақ атаулы біледі, түсінеді. Сонда да үлкендердің көзінше әдептен озбаған. Өз қатарларының арасында немесе қариялардың көзінен тасалау болмаса, кез келген жерде жұрт көзінше бойларын тартып ұстап, ұстамдылық қалыпты сақтаушы еді.

Әдетте, өз халқыңның ұлттық өнеге-өлшемдері қашанда ерекше сезіліп, басқалардікінен озық көрінетіні бар. Бұл - барлық ұлттарға тән табиғи қасиет. Алайда «менікі артық, басқанікі нашар» деген жаңсақ ой тумаса керек. Әр нәрсенің үйлесім тауып жарасатын өз ортасы, өсіп-өнетін өз топырағы бар. Саналы адам елін-жұртын, оның ұлттық табиғи болмысын ардақтай отырып, өзгенікін құрметтеп түсінуі керек. Өзін зор санап, өзгені қор санау - көргенділік емес, өзімшілдіктің, надандықтың бір белгісі. Ал енді туған халқыңды білмей, оның жанын ұғынбай тұрып, басқанікін келістірем деп еліктеу де кісілік емес. Ол намыссыздыққа жетелейді. Намыссыздық - жаман дерт. Оның өсер ұрпаққа, халықтың келешегіне кесірін тигізетінін ешқашан ұмытпау керек. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», әр халық, әр ұлт өзіне-өзі ұқсағаны жақсы.

Дереккөздер: 1, 2, 3.

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы