Машиналар - біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі. Жұмыста да, жол жүргенде де, алыс жермен хабар алмасқанда да, кейде демалыста да бізге машиналар қажет. Қазіргі таңда машиналардың алуан түрі кездеседі. Ауылшаруашылық машиналары - тракторлар, комбайндар, астық бастырғыштар (молотилкалар) және басқа да егіс алқабында қолданылатын көптеген машиналар бар. Өндірістік мекемелерде үлкен - үлкен станоктар, тасымалдағыш ленталар, білікшелер, автоматты түрде жинау конвейерлері және т.б. қолданылады. Үйімізде тұрмыстық құралдар, дербес компьютерлер, басқа да түрлі құрал - саймандарды қолданамыз. Ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін микроскоптар, телескоптар, радарлар, ғарыштық аппараттар қолданады. Біз демалған кезімізде теледидар қараймыз, велосипед тебеміз, таспадағы әуендерді тыңдаймыз, т.б. Машиналар өміріміздің бір бөлігі деп айтатынымыздай бар, біз машиналардың көмегімен алуан түрлі заттарды қолдануға мүмкіндік аламыз. Кітаптар, сағаттар, көзілдіріктер, киімдер, шамдар және басқа да көптеген заттар машиналардың көмегімен жасалынады.