+1 дауыс
26.9k көрілді

Газды сусындардың зиянды жақтары қандай? Минералды судың зияны?

Газды су, Минералды су,су

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Адам ағзасының 60%-ын су құрайды. Бойдағы су тепе-теңдікті сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек. Кофе, көк шәй, газдалған салқын сусындар, минералды су т.с.с сусындардың негізін су құрайды. Алайда, судан бөлек сусындардың құрамында басқа да заттар кездеседі. Соның бірі – газ. Газдалған сусындар адам ағзасына әр түрлі әсер береді.

Артық салмақ пен диабет

Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.

Тіс кариесі

Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.

Сүйектер

Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.

Асқазан мен ішек құрылысы

Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкен жөн.

Аяғы ауыр келіншектер мен үш жасқа толмаған балаларға газдалған сусындарды ішуге болмайды. Үштен асқан балаларға бұл сусындарды газын шығарып беру керек. Газдалған сусындар орнына сүттен жасалған коктейль, жеміс-жидек пен көкөніс шырын, газдалмаған минералды су пайдаланған абзал. Жеміс-жидек пен көкөністер шырын құрамында әр түрлі дәрумендер мен микроэлементтер кездеседі. Бұл шырындар балаларға да, жүкті әйелдерге де, созылмалы аурумен ауыратын жандарға да өте пайдалы.

Диетолог мамандар ересек адамға күнделікті 3 стакан шырын, ал балаларға 1 стакан тамақ алдында 30-40 минут бұрын ішу керек деседі. Шырын ас қорыту жүйесін жақсартады екен.

Көп мөлшерде пайдаланылған шырын бүйрекке, сондай-ақ, аяқ-қолдың сарсып ісуіне әсер етеді. Шырын құрамындағы кейбір элементтерден аллергия пайда болуы мүмкін. Сондықтан да, сусын сатып алмас бұрын шөлмек сыртындағы затбелгіні мұқият оқып, құрамына мән беріңіз.

+3 дауыс

Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», «Либелла», «Некси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар.

Сонымен, бұлар қандай сусындар?

Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен? Батыс Қазақстан облыстық сараптама және сертификациялау ұлттық орталығы АҚ - ның қызмет және тағамның сәйкес келуі және мақұлдануы бөлімінің жетекші маманы Галина Капустинадан өзімізді мазалаған сұрақтарға жауап тапқандай болдық.

– Салқындатылған алкогольсіз сусындардың құрамы туралы не білеміз?

– Неге екені белгісіз, осындай алкогольсіз сусындарды көпшілік шырын деп жиі қателеседі. Бұлар ешқандай да шырын емес. Бұл – су, синтетикалық ароматизатор, тәттілегіштер, бояғыштар, яғни осы төрт құрамнан жасалған жасанды дүниелер. Неше түрлі жарнамаларда бұл сусындардың «еш зияны жоқ» деп жақауратқанмен, бәрібір бұлардың адам ағзасына зиянды екені даусыз. Мұндай сусындарды балаларға мүлдем беруге болмайды Елімізде кең қолданысқа ие болған «Кока - кола», «Пепси» сусындарының адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ғаламторда жарияланған деректерді алға тарта отырып, Америка Құрама Штаттарының ғалымдары бұл сусындарды жасауға пайдаланатын карамельдің негізінде жасалған бояғыштар қатерлі ісіктің дамуына себеп болатындығын айтты депутат. Атап айтқанда, бұл заттар өкпе - бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және лейкомияға әкеліп соқтырады екен. Қауіпті қоспа «Кока - кола» компаниясының 5 түрлі өнімінде айтарлықтай мөлшерде табылған». Тағы бір қызығы, тағамдардың зат таңбасында (этикетка) денсаулыққа қауіпті деп көрсетілмеген. Қант орнына қолданылушы зат – аспартаманың тағам құрамында бары да жазылмаған көрінеді. Ағзаға түскен бұл қышқыл метилдік спиртті құрап, ол қатерлі ісікке апарып соқтыратын формальдегидке (канцерогенге) айналатындығы бертінде анықталған. Біз сөз етіп отырған мәселені Ресей Федерациясы тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы әлдеқашан сезіп, «Кока - Кола Лайт» сусынын сатуға тыйым салу жөнінде сотқа жүгінген. Жан шошырлық мынадай хабар таратылғалы біраз болды. «Кока - коланың» керемет «қасиетін» түйсінген кей адамдар мәшиненің радиоторын жууға, трубаларды тоттан тазартуға пайдаланады екен. Тәжірибе жасағандардың айтуынша, «нәтиже» жаман емес тәрізді. Кез келген датты «жұлып» алып, айнадай жалтыратып қоятын «қызметін» айтсаңшы.

Бізге де керек боладығо дақтарды кетіруге.
Иә, онсыз да айна жууға қолданады кей жерлерде))
Белгісіз
Күшті білесінғо.
+2 дауыс

Ең қорқыныштысы асқазаның тамақ қорытпайды. Асқазанның түгі жойылады. Бүйрек пен бауырға да зияны бар. Сүйектегі кальцийді жояды. Зияны көп. Пайдасы тамақты тез қорытады.

Адам ағзасының 70 пайызы судан тұратынын жақсы білетін шығарсыз, Бірақ, әр адам су тепе-теңдігін өз қалауынша ұстайды. Кейбіреулер бірнеше кесе какао, кофе немесе шай ішкенді жақсы көреді. Ал кейбіреулер үшін салқын сыра мен сок немесе газдалған судан артығы жоқ.

Алайда, сіз ішетін судың сапасы белгілі бір дене мүшелердің ғана емес, толық ағзаның да жұмысын баяулатуы мүмкін.

Үлкендер ғана емес, кішкентай балалар да бас тартпайтын газдалған су ағзаға аса қауіпті болып саналады.

Газдалған суды ішпеуге арналған 4 себеп

Бірінші себеп – тез салмақ жинайсыз. Газдалған су ағзаға жылдам әсер етеді. Өйткені, өндірушілер газдалған суға қанттың көп мөлшерін қосады.

Яғни, газдалған судағықанттың мөлшерін анықтау үшін 0,3 литр суға он алты қасық қант саламын деп елестетіңіз. Айта кету керек, бұл адамның күнделікті нормасынан бірнеше есе көп.

Екінші себеп – диабет туындауы мүмкін. Бір рет газдалған сусын ішсеңіз, ұйқы безі дереу инсулин бөліп, қант сол бойда қанға сіңіеді. Мұндай кезде адам ағзасындағы заталмасу процесі бұзылады. Нәтижесінде, қант диабеті пайда болады.

Үшінші себеп – химиялық қоспалардың болуы. Газдалған судың зиян екенін түсіну үшін органикалық заттарға тәжірибе жасап көруге болады. Сол кезде сіз заттардың қалай бұзылатынын көре аласыз.

Тағы бір анығы, газдалған сулардың құрамында күкірт қышқылы бар. Бұл қышқыл бас ауруды, ракқа себеп болатын бауырдың ауыруын күшейтеді. Бұдан бөлек, газдалған су құрамына натрий бензоаты, фосфор қышқылы, аспартам мен бояғыш заттар енеді. Бұл элементтер тіс пен сүйектер үшін зиянды. Сонымен қатар, мидағы ісіктің пайда болуына, астмаға,эпилепсияға және аллергияға себепкер болады.

Төртінші себеп – кофеиннің жоғары деңгейі. Газдалған сусындар адамның физикалық белсенділігін арттыра түседі. Бұл үшін қанттан бөлек, үлкен көлемде кофеин қосатынын да ұмытпаңыз. Мұндай шырынды ішкен соң, қан қысымы көтеріліп, көздің қарашығы кеңейеді. Мұндай фактордардың барлығы алдағы уақытта адамденсаулығына үлкен кінәраттар әкеледі. Мәселен, холестерин көлемі артады, жүрек және қан тамырларында аурупайда болады. Сондай-ақ, ұйқысыздыққа ұшырайсыз.

Газдалған шырындардың тек қана тәтті болып қоймай, минералдармен байытылатынын да ұмытпаңыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
...