0 дауыс
6.2k көрілді
Жақында дебат болушы еді Бұл тема маған өте қажет
Жалпы жақыннан оқыған дұрыс-ау))

5 жауап

0 дауыс
Қашықтан оқыту дегенге не керек? Қашықтан оқыту деген сөз, интернет арқыы ақша төлеп мұғалімдердің тапсрымасын орындайсың. Ол тексереді, сабақ түсіндіреді. Яғни интернетпен сабақ оқу. Қашық деген яғни алыс деген сөзғой.
+1 дауыс
Жаһандану дәуірі  білімді  меңгертудің сан түрлі тәсілдерін бойына сіңірген. Күндізгі мен сырттайды айтпағанда, осы күні жоғары оқу орындарында оқытудың  неше атасын кездестіресіз. Қашықтан
дей ме, кредиттік, модульдік, осылайша тізбектеліп кете береді. Дәл қазір баяғыдай тәптіштеп түсіндіріп жататын  мұғалімнің дәурені  өткен сияқты. Дегенмен жаңа замандағы жас буынның барлығын бірдей  - компьютербасты деуге келе ме? Адам миы кез келген оқыған нәрсесін  қабылдап, игере алатын болса, мұғалімнің қажеті қанша? Кейінгі жылдары еліміздегі жоғары оқу орындарында қолданысқа енгізіле бастаған білім берудің  жаңа жүйесі - қашықтан оқыту   туралы жұрт түрлі пікірде.
Жалпы, оқудың бұл түрі - студент пен мұғалімнің шалғайдан білім алмасуымен ерекшеленеді. Шетелдің сырт қарағанда қол жетпейтіндей көрінетін оқу орындарында  өз отаныңда жүріп-ақ білім алуға мүмкіндік мол. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын көмекші құралдар - ақпараттық және телекоммуникациялық желі. Жүйе бүгінде басты байлық саналатын денсаулық саласының ақ халаттылар даярлайтын оқу орындарына енгізілмеген.  Ал қалған оқу орындарының барлығында дерлік элементтері табылады. Байқап отырғаныңыздай, бұл жерде басым күш студенттің өзіндік жұмыс жасауына негізделеді. Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған келедінің кері келіп жүрмесін. Себебі, оқудың күндізгі бөлімінде оқытушының түртпектеуімен әзер оқып жүрген студентке  - бұл ауырдың асты мен жеңілдің үсті.
Білім беру жүйесіне енген бұл жаңалық әлемнің алпауыт елдерінде әлдеқашан енгізіліп те қойған. Мәселен, АҚШ-та қашықтан оқыту жүйесі бойынша 1 миллионнан астам студент білім алады екен.  Бізге кешеуілдетіп жеткенімен, ақ қарасын ажыратпай, шетелде жылт еткен бір нәрсе шықса, соны айна-қатесіз көшіріп алуға  әдеттенген емес пе? Алайда, аталмыш жүйенің елімізде әлі жемісін бере қоюы екіталай. Себебі бізде компьютерлендіру ісі мен жалпы коммуникациялық кеңістік дұрыс дамымаған.
Доктор немесе профессорлар арнайы тағайындалмаған. Сондықтан көп оқу орындары басы жас, жаһанторды және электронды оқулықты жетік меңгерген азаматшаларға табыстай салады. Күл болмасаң бүл бол. Екіншіден, қазақстандық оқытушылардың оған білім дәрежесі  де жете бермеуі ықтимал, себебі оқу қысқа-нұсқа, әрі тұтынушының керекті сауалына ғана жауап беруі тиіс. Осылайша білім сапасына енгізілген жаңалық кредиттік жүйе секілді «маман емес, тест жаттаудың төресін» дайындап жүрмесін. Білім сапасын арттырудан гөрі, білім беру процесін жеңілдетіп, студенттердің қаржысын босқа шашпасына кім кепіл?  Біздің қоғамдағы қордаланған мәселенің бірі - дипломды сатып алу... Ал қашықтан оқыту – диплом сатуды заңдастырудың жақсы жолы болып тұр. Ал одан қандай маман шығатыны – өз-өзінен белгілі.  
Шетел тәжірибесі не дейді?
Германияда қашықтан  оқыту – тек мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана арналған. Ал сырттай оқитын азаматтары, біздегідей емес,  60 % күндізгі бөлімді бітіріп тапсырады екен. Шынында да, елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға оқудың осы түрін пайдаланса, құптарлық екендігі даусыз. Оның үстіне ол жандардың еркін білім алуына еліміз жағдай жасап жатқан жоқ. Олқылықты жеңуді осылай сабақтастырсақ жөн емес пе? Жалпы жоғары оқу орындарында оқитын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өте қиын. Қоршаған ортадағы азаматтардан өзін төмен сезінеді де,  психологиялық күйзеліске көп ұшырайды.
Білімін толықтыру үшін аттай бір айлап келіп оқитын мұғалімдеріміздің ауылда аңырап қалатын бала-шағасын ойлап егілгенде екі етегі жасқа толады. Сонымен қатар ата-анасының қолқанаты болып, ас-суына жарап, алысқа кетсе үйінің іргесі сөгілетіндей жағдайы мүшкіл азаматтарға да тиімдірек болар еді. Ал қалада өмір сүретін азаматтарға онсыз да оқу орындары қолжетімді. Сондықтан ауыл аймаққа қашықтан оқытуды жөнге салсақ – нұр үстіне нұр болмақ.  Біздің бір кемшілігіміз – арбаға теріс отыруымыз. Тек бұл жөнінде қала халқы ғана біледі де, олар жағдайды пайдаланады, ал ауылдағы қалаға келуге қаражаты немесе, жан бағу керек болатын азаматтар мұндай оқу түрін бірі білсе, екіншісі қолын бір сілтейді.
Сырттай оқудың сыпайы түрі.
Сырттай оқуды жабамыз дегенімізбен оның сорақы түрінің белең алып кететіндігін ескермей тұрмыз. Сырттай оқыту барысында  40 күннен екі,  қыстық және жаздық, сессиясына қатысу керек болса, ал қашықтан оқыту технологиясында университет қабырғасында сіз 15 күнде 1 рет қатыссаңыз жеткілікті. Есептесек, 1 жылда 26-ақ рет университет бетін көреді екен, көрмейтіні де баршылық. Содан соң қолақпандай құжатты қолтықтап білдей маман шығатыны - он ойласаң да орайы келмейтін дүние.
Шетел компаниялары  өздерінің электронды оқыту платформаларын сатып та үлгерген. Жоғары оқу орындары қауымдастығы қашықтан оқытудың мынадай үлгісін ендіріп отыр.  Tamos University Suite (Қазақстан), «CMS Moodle» (Франция),  Platonus және Ррометей (Ресей), Clix (Германия) немесе кейбір оқу орындарының өз өнімдерімен жұмыс жасайтыны анықталып отыр. Мұнымен келісімшарт жасасқан оқу орындары да бар. Аталмыш оқыту платформалары шетелдіктердің тек ақша жасауының бір тетігі ғана болуы да мүмкін. Қыруар қаржыны талап еткен шетелдік жүйені пайдалана аламыз ба? Ол шын мәнінде, бізге қажет пе, жоғарыдағы талаптарға сай ма? Оны игеру үшін, алдымен оның тілін білетін мамандар қажет. Оған университеттің электронды материалдық оқыту базасы қаншалықты дайын? Жоғары оқу орындарының өздері өндірген өнімдерінің соңғы үлгідегі әлемдік стандартты білім жүйесіне сәйкестіктері қанша?  Сауал көп, жауап жоқ.  Сонымен қатар кейбір электрондық жүйеге кіру оңай болмайды. Бірі смс жолда десе, келесісі – аты-жөнің мен құпия кодты дұрыс термедің деп ит-әлекке салатын кездері де аз емес.
Өкініштісі сол,  заманауи  жүйеге, әсіресе жекеменшік оқу орындары құмар. Бірақ осы тұста, олардың қашықтан оқытуды толыққанды жүзеге асыра алатындай қаншалықты әлеуеті мен мүмкіндігі жетеді, оны ешкім сарапқа салып, електен өткізген емес. Білім берудің бұл жүйесін енгізу үшін педагогикалық және техникалық тұрғыдан да өте биік талаптар орындалуы қажет. Шетелде осылай екен деп шала-бүлінудің қажеті шамалы. Қалай айтсақ та, қашықтан оқыту жоғары оқу орындарындағы күндізгі бөлімде алатын біліммен теңесе алмайды.
Меніңше, қашықтан оқыту  онсыз да аяқасты болып жатқан біздегі білім беру сапасын одан ары аяқасты ете түседі. Осының кесірінен әр салада сауатсыз «мамандар» көбейе түспек. Ендеше, алыс-тан арбаламай-ақ жақыннан дорбалайық, ағайын!
0 дауыс
қашықтықтан оқыту деген ақшаның соры емес пе?
0 дауыс
Қашықтықтан оқу тек талапты және өзін өзі қадағалай алатын оқушыға пайдалы деп білемін. Сонымен қатар қашықтан оқу, яғни Интернет арқылы оқудың тағы мынадай жақсы жақтары бар:

1. Күнделікті жолға кететін уақытты үнемдейсіз;

2. Әлемдегі кез келген оқу көздерін таңдай аласыз;

3. Өзіңіз ел-жер аралап жүріп те оқи бересіз;

4. Бейне жазбасы болса тіпті жақсы, қанша рет қайталап көріп тыңдаймын десеңіз - өз еркіңіз.

Әрине, дарынды ұстаздың шәкірті болғанға не жетсін. Бірақ заман солай - болашақта ғылым мен білім қоры әр адамның қалтасындағы телефонда бір саусақтың ұшында болады. Ал енді соны пайдалану және қорыту - бәрібір де сіздің талаптылығыңызға байланысты.
0 дауыс
Әрине керек қаншама студенттер жұмыс істейді сол үшін олар қашықтықта оқытуға түседі дистанционный дейді
...