0 дауыс
1.6k көрілді
Тілдің астынан су неге атқылайды? аузымды ашып тұрып тілді артқа тарсам су атқылайды ғой. Ол неге?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Ол тіл асты безі ғой, сіздің жағдайда тіліңізді артқа тартқан кезіңізде тіл асты безі сығылып, толып тұрған ас қорытуға арналған сұйықтық қысыммен атқылап кетеді.

Тіласты безі (орыс. подъязычная железа) glandula sublin — ауыз қуысына сілекей бөлетін ас қорыту безі. Ол ауыз түбіндегі тіласты қатпардың кілегейлі қабығында, тілдің екі бүйірінде орналасады. Тіласты безі алдыңғы көпөзекті және артқы бір өзекті тіласты сілекей бездеріне бөлінеді. Без өзектері тілдің астындағы тіласты сүйелшесіне ашылады. Тіласты безі паренхималы мүше ретінде: стромадан және паренхимадан тұрады. Без стромасын дәнекер ұлпасы, ал паренхимасын күрделі көпіршікше-түтікше аралас без құрайды. Бездің секрет бөлетін бөлімінде сірлі, кілегейлі және аралас альвеолалар болады.

0 дауыс
Ол су емес сілекей сенің өзіңде сондай.
...