0 дауыс
745 көрілді
Se7en-нің Мені өзгертпе әнінің сөзі керек?)
Алдын-ала рахмет!
Қысқасы сөзі жоқ интернетте

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Ажыратып таста бізді мүмкіндік керек емес,
Ойландырмашы оны, оның ойы қызық емес.
Әлім қалмады тәңірім онымен санасатын,
Түнде көз ілмей мен де жарым ол да бас ұратын.
Әділ болмады соңғы ісің, іртік әңгімең де,
Семен келешек құратын ой бар жалғыз менде.
Көңілім кімде менің, айтшы маған бір жауабын,
Анығын білмейсің, қызықсыз анықтамадың.
Артылып жамырадың, өз жоспарың өз алдыңда,
Аманшылық тіледім менсіз өтетін жолыңа.
Маған тартқан көздерің бұйырсын бір жол адамға,
Мен де пендемін мен де сендей кімге жалғанам да.
Жүректің миымды шаршадым бітпейтін жанжалдан,
Сол болсын мейлі сезімнен бір сен алданған.
Уақыттың қатысы жоқ, өзіміз кінәлі дертке,
Өтінемін, кештетіп келіп МЕНІ ӨЗГЕРТПЕ.

                Қ-сы:
Айтуға да болмайд(ы),
Сезім жайлы көп оттайм(ын).
Кейде мен сені алдайм(ын),
Менде мүмкіндік болмайд(ы).


2. Соңғы айтар сөзім өшті сезім жалын-оты,
Соңғы айтар сөзім болғың енді аман-қошты.
Амал болды бізде қанша соңына келмеуге,
Ойладым мен келсем де, сені келмейд(і) деп мәреге.
Біздің өміріміз екі түрлі соны байқа,
Ұрыстан шетінемей қарап келеміз қайда?
Соның нәтижесі көрінді артық бір мінезің,
Көңілім орнамайды қайта менің деп іздесім.
Кешірші менің есім орнында қала бермейді,
Бір тамшы себеп болса да тіс қайрап ыза іздеймін.
Кімді іздеймін шыр айналып ой-санамда біреу жүр,
Сенің жаныңды жылытып кім болса да қалмайд(ы) құр.
Бәріне сен түкір, өмірің баянды бақыт,
Жыл санап бірге болсақта сыйламадым аздап шаттық.
Маған бақыт болып келді сенің жарқын әр күлгенің,
СЕН ЖАҚСЫҒА ЛАЙЫҚТЫСЫҢ, БАҚЫТЫҢА СЕНЕМІН.

                Қ-сы:
Айтуға да болмайд(ы),
Сезім жайлы көп оттайм(ын).
Кейде мен сені алдайм(ын),
Менде мүмкіндік болмайд(ы).


P.S. Өзім тыңдап отырып жаздым сен үшін, қателері болуы мүмкін, кейбір сөздері түсініксіз..
0 дауыс
Атауын дұрыстап жазшы.
Se7eN-Meni Ozgertpe телефонымды осылай жазылып тұр
...