+1 дауыс
6.9k көрілді
Қала мен Ауыл адамдарының айырмашылығы барма?

12 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қала мен ауылда өскен адамның айырмашылығы жер мен көктей болады. Меніңше, ауылда өскен адам кеңпейіл болуы мүмкін, бәрақ, әр адамның санасына байланысты.

–1 дауыс
түк айырмашылығы жоқ. ))))
+2 дауыс
Қаланың адамдарының білімі көп.
+4 дауыс
Жоқ. Қала да қандай адамдар болса ауылда да сондай адамдар бар. Ақылды да ақымақ та бірдей шығады. Бəрі бір адам баласы болған соң шыққан жеріне қарай бөлудің қажеті жоқ.
+1 дауыс
Қалада туып өскен адам көбіне білім деңгейі, мәдениеті және сонымен қатар эгоизмі де жоғары болады. Ал қалаға ауылдан көшіп барғандар сол өзіміз сияқты ауылдың қазағы болып қала береді ))
+1 дауыс
Қазаққа метафораны көбейтіп алдық. «Жаңа қазақ», «шала қазақ», «Оңтүстіктің қазағы», «солтүстіктің қазағы», «Ұлтшыл қазақ», «космополит қазақ», «Қала қазағы», «ауыл қазағы»-деп кете береді. Демеске лаж жоқ, артында ащщы шындық жатыр. Әсіресе, соңғысы жайлы сөз көп. Қала қазағы мен ауыл қазағының 10 айырмашылығы айта кетейін:
Ең бірінші айырмашылық, қонаққа барудан көрінеді. Қала қазағының тойы кешкі алтыда басталып, 11-12-де тарқап кетеді. Ауылдікі 4-5-ке шақырады, қонақтың басы 7-де келе бастайды, содан той өтіп, соңғы қонақ таң ата бір-ақ қайтады. Дәлірек айтқанда, үйіне апарып тастайды. Ауыл қазағының келуі де қиын, кетуі де қиын.
Екінші айырмашылық қонақ күтуден көрінеді. Қала қазағы қонақ келерден бұрын дастарқан жайып, тоңазытқыштағы етті енді қазанға түсіріп қайнатып күтіп отыратын болса, ауыл қазағы қонақ келгеннен кейін ғана қой сойып, етті қазанға сала бастайды. Асығатын не бар?
Үшінші айырмашылық қандай? Үшіншісі сол піскен етті жеуден көрінеді. Қала қазағы ет турай алмай қиналады. Туралып келген ет болса, қуанып қалады. Бас ұстаудан қашады. Етті шанышқымен жейді. Ауыл қазағы сыншыл емес, бірақ табақ таңдайды. Бас келсе, кімге қандай мүше ұсынуды беске біледі. Бешбармақты бес бармақпен жейді. Ауылда білім төмен дегенді кім айтты екен?
Төртінші айырмашылық бар, мінезге қатысты. Қала қазағы ашуға жақын, асығады да жүреді. Ауылдікі болса, кең пейіл, сабырлы, дархан.
Бесінші айырмашылық қазақтың баласынан көрінеді. Қала қазағының баласы толып барады, фаст-фуд жеп, қозғалмай«контр страйк»ойнаған балаға тән қылық, ауыл баласы болса, әлі асықты ұмытқан жоқ. Жердің шаңын көкке көтеріп, доппен ойнайды, ләңгі де тебеді.
Алтыншы айырмашылықты қазақ келіндерінен көресіз. Қала келіндері орамалды ұмытқан, бұрымды кескен, ат тергеуді айтпағанның өзінде... Ауыл келіндері ақжарқын, шашын орамал астында ұстайды, ата сыйлайды, ене құрметтейді.
Жетінші айырмашылық бар. Қала қазағының жастары мешітке көп барады. Ауылда шалдар ғана. Қала қазағының үлкендері ішеді. Ауылда жастар ішкіш. Осы жағы өкінішті.
Сегізінші айырмашылықты жастар романтикасынан көреміз. Қала жастары қызына«Гүлденген әлем,..-дан сәлем»деп хат жазуды ұмытқан. Одан гөрі sms әлдеқайда жеңіл. Терезе түбінде күтіп тұру жоқ. Ауылда мұның бәрі әлі бар. Жазда далада ұйқтасаң, құлағыңа небір ысқырықтар келіп жатады... әуендеткен...
Тоғызыншы айырмашылық. Қала қазағы Бритниді біледі, Джексонды біледі, Диманы біледі... Бірақ жеті атасын білмейді. Ауыл жастарының жеті атасын емес, өз жүзінің шежіресін жатқа соғатыны қуантады.
Оныншы айырмашылық бар. Ең өкініштісі. Қала қазағы ауылға барғысы келмейді. Ал ауыл қазағы керісінше, қалаға құмар. Сонда ауылда кім қалады?
Мен ауылдан боламын.
+1 дауыс
Ауыл адамдары жанашыр болады.Сосын талантың барлығы ауылдан шығады
Қаладан таланттылар шықпайды деп кім айтып еді?
ayan aitti))))))))
+1 дауыс
Қала ауылға қарағанда дамыған.Ауылдағы адамдардан қаладағы адам саны біршама көп.Қала үлкен мөлшерде жер алады, ал ауыл аз жерді ғана алады.Қалада көліктер көп, ауылда аз.Қалада дамыған дүниелер көп, ауылда аз.
+1 дауыс
Каланын адамдары мадениетті болып келеді, ал ауылдыктар карапайым болады. Кудайга шукір, озім калада да, ауылда да турмаймын. Ауданда турамын.
+3 дауыс
Қала адамды, оның керемет сезімдерін күстендіреді. Жан әлемін тарылтады, адамдардан алшақтатады, жүйкесін мүжиді. Ойымша, Алла тағала адамды топырақтан жаратқаны рас болуы керек. Жалаңаяқ жер баспағасын, адам ең қажетті қоректердің бірінен, яғни, жердің беретін жылуынан айрылады. Қаладағы адамның тырысқақ келетіні осыдан-ау деймін.

(Фариза Оңғарсынова)
+1 дауыс
Әр адам әр-түрлі.Қаладағы адамдар мәдениетті дейді)))Болса қайда қалды,мүмкін кейбіреулері мәдениетті шығар))Бірақ некен-саяқ кездеседі.Қаладағы адам еріншектеу келеді,оларда интернет бар,бәрі интернеттің қолында.Ал ауылда сеть әзер ұстайды,интернет те кейбіреуінде бар болса да өте аз,и сигнал жаман.балаларға реферат берсе(оқушыларға)қолмен  Жазатын шығар.
Ал,Ауылда жұмыс  көп,пеш жағу үшін отын жинайсың,су алу үшін құдыққа барып су тасисың,мұнда қаладағы сияқты отопление жоқ((Адамдары да   қарапайым…Адамдары бәрі бірін-бірі таниды,ауылға барғанда даже ауыл балалары ауылдағы баарлық адамдардың машинасын қандай екенін біледі)))Кейде өзім таң-қаламын)
 Қарапайым заттардың жетіспеушілігі мен бәрі бар жерлерді салыстырсаң,айырмашылықтар көп…
Бірақ енді қазір олай айтуға болмайтын шығар,казір ауылдарлың адамдарының өзі өркөкірек,өзімшілдеу)))келеді)
0 дауыс
Барлық ауыл бірдей емес арасында бар көштен қалғандары, жоғарыдағылардың назарынан тыс қалған. Көп ауылдардың казір жағдайы жақсы адамдары, қаланың адамдарынан кем емес,  білімді және жан жақты сауатты,ақпараттық технология дамыған.

Ұқсас сұрақтар

...