+2 дауыс
757 көрілді
Сіз сабырлысыз ба? Ал мынаған не дейсіз?:

Асықпайтын уақытта асығамыз,
Ақиқатты несіне жасырамыз.
Жолға шықсақ жетуге асығамыз,
Жете салып кетуге асығамыз.
Таңда балабақшаға асығамыз,
Түсте алар ақшаға асығамыз.
Мүлт кеткенде тергеуге асығамыз,
Біреу өлсе жерлеуге асығамыз.
Таныса сап дайынбыз достасуға,
Амандассақ даярмыз қоштасуға.
Үйлене сап жатамыз ажырасып,
Асығамыз болуға тағы ғашық.
Жағаласып сандалып, сабылысып,
Жүгіреміз қашанда асығысып.
Төзім құрып қалған ба, тағат тозып,
Әлде жүрегіміз кеткен бе сағатша озып.
Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп,
Уақытқа бақырамыз,
Осы біздер қай жаққа асығамыз???

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мықты адам күрескен адамды женген емес. Ашуланғанда адам өз ашуын женген адам мықты. Соңдықтан бәріміз ашуымызды жеңіп сабырлы болайық.
+1 дауыс
Сабыр түбі сары алтын.Сондықтан қашанда сабырлы болу керек.Мен өзім сабырлымын.
+1 дауыс
иа,дұрыс айтасыз!"Сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа"-деген қазағымыздың өте керемет  сөзі сабырлылық адам бойына қажетті асыл қасиеттердін бірі деп санауымызға жол ашып береді емес пе?
+2 дауыс
Мен әйтеуір асықпай жүргенді ұнатамын. Асықпай тамақ ішіп, баратын жерге асықпай барып дегендей. Кей кезде осы асықпайтынымның керексіз болып қалатын сәттері де болады. Мысалы математикадан есеп шығарғанда шығаратынын шығарамын ғой, бірақ асықпай да.(waiting) Өзімде кей кезде санама бір сұрақ келеді. ҰБТ-да өйстіп асықпай отырып шығаратын болсан.... эй эй эй:(
+3 дауыс
Сабырлы сөзін екі мағынада қарастырған жөн. Мысалы дүниеге келетін баланы сабырсызда күту. Бұл әрине дұрыс емес, өйткені әрбір пенденің дүниеге келу және кету мерзімі белгілі.
Тағы мысал; Жолда бір кісі заңсыз әрекет жасап тұрса, оған сабыр сақтайын деп қарап тұру да дұрыс емес.
Менің ойымша сабыр сөзін әр жерде әр қалай мағынасын шығарып беруге болады, және сол жағдайға сай қарау қажет.
0 дауыс

Аллах Тағалам айтыпты МЕН сабырлыларды сүйемін деп!Сабыр түбі сары алтын,сабырлы болайық барша мұсылман!

+1 дауыс

Мен озимди сабырлымын деп ойлаймын..Менде сабырлы адамдарды жаксы коремин!

0 дауыс

бәріміз  сабырлы   болайық

 

0 дауыс
Өкінішке орай сабырлы емеспін,бірақ ұстамды болуға тырысып жүрмін!
...