Заманға байланысты нарық экономикасына тезірек үйренген жастармен тәжірибе алмассақ, үлкендерге де артық болмас. Дегенмен де қандай сұрақ болсын, блог немесе пікір айту болсын, адам әуелі өмірден алған тәжірибесіне, біліміне қарай жауап береді деп ойлаймын. Ақыл жастан, жастарды да тыңдай білейік. Ал бағалауға келетін болсақ, Админ мырза айтпақшы, дауысқа салып шешетін көрінеді, демократия заманы ғой, амал нешік. Солай болса да, себебін айтып отырса, қайталамауға тырысар едік.