Америкалық Forbes журналы жан басына шаққандағы кiрiске сүйене отырып, Жер шарындағы ең бай елдердiң тiзiмiн жасады. Басылымның пiкiрiнше, дүние жүзiндегi ең ауқатты ел – Катар.
Екiншi орын – Люксембургке,
үшiншi орын – Сингапурге
бұйырса, алғашқы 15 орынның қалғанын Норвегия, Бруней, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi, Америка Құрама Штаттары, Гонконг, Швейцария, Нидерландтар, Австралия, Австрия, Ирландия, Канада мен Кувейт өзара бөлiскен.
Парсы шығанағына орналасқан арабтардың осынау шағын ғана мемлекетiнде жан басына шаққандағы орташа жылдық пайда 88 мың 222 АҚШ долларына тең көрiнедi.