Менинше марста және одан өзге планеталарда тиршилик иесі жок. Тек адамдарды алдау, арбау, шатастыру ғана бар. Жарайды "өзге планеталықтардың көзге көрінуі ше" деп сұрағыңыз келіп отыр ма? Аяғына дейін оқыңыз. Жалпы адамдарды шатастыратын кімдер деген сұраққа қара ниет Ібілістің әскерлері болар деп топшылаймын. Себебі, олардың ішіндегі жаман ниеттілері, жындардың да іштерінде жаман ниеттегілер бар, сондай-ақ адамдардың да іштерінде қара ниеттілер бар (сиқыршылар, фокусниктер т.б.) ібіліс сарбаздары болып, Дәджалдың әскерінің қатарын толықтыруда. Міне осылар өзге планеталықтардың бейнесінде көрінеді. Неге құранда өзге планеталықтар жөнінде бір ауыз сөз жоқ. Ал Дәджал мен жын, шайтандар туралы сөздер бар. Демек олар - әлгі қара ниеттілер, адамдарды ақылынан адастырып, түрлі қияли ойларға жетелеп,кәпір қалпында о дүниеге жөнелтуді мақсат тұтқандар өзге планеталықтар бейнесіне ауысып, ұшатын табақшалар тәрізді көрініп, өзге де адамдарға бейтаныс жануарлар мен аңдар бейнесінде көрінеді-ау шамасы. Сен мейлі сенбе бұл менің өз ойым. Мен де өзге планеталықтар туралы біраз қызығып, көп іздендім. Аяғында осындай ой түйдім. Себебі ұшатын табақшалардың Бермуд үштағанына (Бермудский треугольник) барып, су астына кіріп кетуі көп нәрсені аңғартқандай. Ал әлгі орынды жұрт шайтан жайлаған мекен деп бекер айтпаса керек. Сондай-ақ діни кітаптардан бізге белгілі болғандай ақырзаманда пайда болатын Дәджалдың орыны су астында, яки маңында, суды мекен ететіні жайлы айтылғанын да естен шығармаған абзал.