0 дауыс
3.7k көрілді
Тоғызыншы планета қайда кетті?

Әлемде тоғыз планета болушы еді. Қазірде сегіз планета делініп жатыр. Сонда бір планета қайда кетті? Бұл туралы анық мәлімет керек.

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Плутонды 1930 жылы 18 ақпанда Клайд Томбо Американың Ловелл обсерваториясында, күн жүйесінің, тағы бір жаңа планетасын тапқан еді. Бұл планета Плутон деген атқа ие болды. Ірі телескоптар көмегімен алынған фотосуреттерде ол кішкентай ғана әлсіз жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның диаметрі 3000 километрге жуық. Ол күннен шамамен 6 млрд км қашықтықта баяу қозғала отырып, оны 248 жылда бір айналып шығады. Плутон-Күн жүйесіндегі планеталардың ең кішісі болып есептеліп келген еді. Алайда соңғы зерттеулер нәтижесінде алынған планеталар əлемі жөніндегі дәлелді мәліметтер негізінде Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен (Прага,тамыз,2006ж.)Плутон ,,ергежейлі планета'' аталып, оған ресми астероидтық 134340 нөмірі берілді.
енді не болды сомен)?
0 дауыс
Ешқайда кеткен жоқ Плутонды 2006 жылдан бері кейбір астраномдар планета деп есептемейді (және планета қатарынан шығаратын түрі бар)
0 дауыс
Ғалымдар оны толық әрі нақты терең зерттемегендіктен ол 8 планета
0 дауыс
Физикадан беретін апай айтым еді, 9 планета кішкентай болғандықтан планеталар тізімінен шыққан деп.
апайыңның басы істейді
0 дауыс

Себебі Плутонның ары жағынан Плутон сияқты көптеген планеталар табылды бәрін планета дей беретін болсақ планеталарымыз тоғыз емес шексіздікке кетіп қалайын деп тұр! Сондықтан Плутон және Плутон сияқты ұсақ түйектерді планета деп санамайтын болды! Сондықтан қазір сегіз 8 планета деп санайды!

0 дауыс
Ол ең кішкентай ғаламшар және көріне бермегендіктен жұлдыздардың қатарына жатқызылды)
сен жатқыздың ба?)
Жоқ, оқыдым бір сайттан
0 дауыс
Плутон үлкеймейінше планеталар қатарына қосылмайды.
0 дауыс
Плутонға тамақ беріп жіберейік
...