0 дауыс
1.7k көрілді
Мен Интернеттен Зәмзәм туралы естіп едім. Осы Зәмзәм суының қасиеттері бар дейді, қандай айырмашылығы бар? Кәдімгі судан не айырмашылығы бар?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Зәмзәм суының ерекшеліктері

Зәмзәм суының құрамы, емдік қасиеттері

Зәмзәм суының құрамы
Пәкістандағы «Хадж» оқыту орталығының аналогты зерттеулерінің нәтижесінде зәмзәм суының ерекшелігі, ешбір суға ұқсамайтындығы дәлелденді. «Хадж» оқыту орталығының атқарушы директоры Сами Ункави былай дейді: «Біз зерттеу барысында әрбір тартып алған сайын жаңа су алып отырдық. Зерттеулер көрсеткендей зәмзәм суынан бірде-бір микроб табылмады. Біз зәмзәмді басқа заттардың әсерінен, мысалға ыдыстармен тасығанда, құбырлармен тасымалдағанда құрамы бұзылатын шығар деп ойлағанбыз. Бірақ ол еш ластанбай тап-таза күйінде қала берді. Бұл оның ерекше табиғилығының әсері. Бір таңқаларлығы бұл құдық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманынан келе жатса да, әлі таусылмақ емес. Кез келген құдықты алсақ, қанша тұруы мүмкін? Ары барса, 50 немесе 100 жыл өмір сүретін болар. Онда да оның суы өзгереді, не болмаса мүлдем құрып кетеді. Зәмзәм құдығы әрқашан сол қалпында, ешқашан суы таусылмайтын секілді көрінеді».

Еуропалық зертханаларда зерттелген зәмзәм суының зерттеу нәтижесі басқа зертханалардан алынған нәтижелермен сәйкес келген. Басқа суларға қарағанда зәмзәм суында кальций тұзы мен магнийдің көптігі анықталған.

Зәмзәм суының химиялық құрамы: PH 7.8, ALK Total 300, T.H 680, Сa.H 470, Mg.H 210, кальций 188, магний 51, натрий 253, калий 121, аммиак 6, нитрит 1, нитрат 173, хлор 340, сульфат 372, фосфат 0,25, натрий бикарбонаты 366 мг/л-дан тұрады. Сонымен қатар судың құрамына темір, марганец, мыс, кальций, магний, хлоридтер мен сульфаттар кіретіні мәлім болды.

Зәмзәм суы – минералды су. Сулар құрамындағы минералды заттардың құрамына қарай ажыратылып, үш түрге жіктеледі:

құрамында минералды заттар аз болатын сулар: 1л суда 50 мг минералды тұз болады; заттар орташа болатын сулар: 1л суда 500 мг минералды тұз болады; минералды заттарға бай сулар: 1л суда 1500 мг минералды тұз болады.

Ал, зәмзәм суының құрамындағы минералды заттардың мөлшеріне келер болсақ, онда 1 литрде 2000 мг минералды тұз болады. Сондықтан да зәмзәмді минералды сулардың төресі деуге толық негіз бар.

Зәмзәм суы – газдалған су. Сулар бикарбонатқа бай болса, газдалған деп аталады. Кез келген су газдалған болу үшін ондағы натрий бикарбонатының мөлшері 250 мг/л-ді құрауы керек. Ал, біз зәмзәм суының құрамына назар аударатын болсақ, ондағы натрий бикарбонат мөлшері 366 мг/л-ды құрайтынын байқаймыз.

Дәрігер Ахмал әл-Мұхандис былай деп тұжырымдайды: «Зәмзәм суы – ең таза су. Бұл Дүниежізілік денсаулық сақтау (ДДС) ұйымымен дәлелденген. Профилактикалық сараптама нәтижесінде зәмзәм суының таза, түссіз, иіссіз екендігі, аздаған спецификалық дәмі барлығы анықталды. Судағы натрийдің көп мөлшерлігі ДДС-ның барлық талаптарына жауап береді».

Зәмзәм суының емдік қасиеті
Зәмзәм суының емге қолдануда айтарлықтай маңызы бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл ерекше судың түрлі ауруларға ем екендігін өзінің көптеген хадистерінде айтқан. Ибн Қайым зәмзәмнің емдік, тойдыратын қасиеті жайында: «Мен және көптеген адамдар зәмзәм суының емдік қасиетін тексеріп көру барысында таңқаларлық жайттарға куә болды. Мен ем ретінде ішкен едім, Аллаһ Тағаланың қалауымен жазылдым. Сол судан ішіп, көпке дейін аштықты сезбеген адамдарға да куә болдым» дейді.

Имам Бұхари жеткізген хадисте Айша (р.а.) анамыз былай дейді: «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) адауимен де, кирабпен (теріден жасалған ыдыс) де су тасып, ауруларға ішкізді».

Зәмзәм суының көптеген қатерлі ауруларды жазғанына адамдар куә болған. Мысалға алатын болсақ, көздегі дақты (кератит) кетіргені, қатерлі ісікті емдегені, несеп жолдарындағы тасты шығарғаны әмбеге аян. Зәмзәм суының қатерлі ісікті емдегені БАҚ беттерінде айтылып та, жазылып та жатты. Әрине барлығына бірдей бұл судан шипа табыла бермес. Шипа беруші Аллаһ Тағала қаласа қарапайым судан да ем қондырады. Алайда бұл жерде зәмзәм суының алар орны ерекше. Қазір зәмзәм суын бүкіл әлем мойындап жатқан жайы бар.

Сонымен бірге, зәмзәм суы суық тиюге, тұмауға қарсы ем екендігі айтылған. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:

«Суық тию (яғни, ыстығы көтерілу) – бұл тозақтың тынысы секілді, сондықтан оны зәмзәм суымен салқындатыңдар».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) басқа хадисінде: «Зәмзәм суы – ауруға шипа, тойымды су» десе, тағы бір хадисінде: «Әлемдегі ең жақсы су – зәмзәм суы. Оның жағымды дәмі бар, әрі ауруларға ем» деген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Зәмзәмді не мақсатта ішсең, сол үшін болады. Оны емделу үшін ішсең, сені Аллаһ емдейді» дегені тағы бар.

Зәмзәм суы құпиялық жағынан алда тұр. Ол құпияны қай мақсатта ішетініңіз жайлы хабар бергенде ғана аша аласыз. Бұл оның ең басты қасиеті де.
————————
Пайдаланылған деректер:

1. «Вода зам-зам». Ибн Мирзакарим ал-Карнаки. Издательство «Диля», 2010

2. «Пайғамбарлар тарихы». Қалмахан Сейтұлы. «Көкжиек-Б» баспасы, 2011

3. kk.wikipedia.org
————————
Нұрқанат Нұрдәулетұлы
islam.kz

0 дауыс
3әмзәм суында түрлі ерекше қасиеттер бар. Ол ауруларды емдеп жазады, адамға қуат бітіреді, аштық сезімін басады.
0 дауыс
Менің естуім бойынша зәмзәм суының қасиеті меккеге қажылыққа барған адамдардың шөлін басып керемет бір рахатқа бөлейді.Содан соң оны адамдар өздерінің әкелген құтыларына құйып туған туыстарына апарады.Ол алланың пенделеріне жіберген сыйы.
0 дауыс
Судан айырмашылығы балдай тәтті
–1 дауыс
Ешқандай да қасиеті жоқ, судың ерекше қасиеті болуы мүмкін емес (қарапайым су ғой)
Диды таккаппар биреу

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
10 жауап
...