0 дауыс
30.6k көрілді
Мемлекеттердің  әртүрлісі болады. Біздің мемлекет Презтденттік Республика . Ал басқа қандай мемлекеттер түрі бар.,және олар не үшін солай  аталған?

4 жауап

+2 дауыс

Мемлекет түрлері

Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]

Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.

Мемлекет басқаруы бойынша

Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия

— мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады.

Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

0 дауыс
Мемлекет басқарылуы бойынша екіге бөлінеді: республикалық және монархиялық. Монархиялық мемлекетте ел билігі мұрагерлік жолмен келеді және оның билігі басқа билік түрлеріне немесе сайлаушыларға бағынышты емес.
+1 дауыс
Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.

Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
0 дауыс
Мемлекет түрлері мен қызметі

Мемлекет бірнеше түрлерге бөлінеді.

Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).

Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.

Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.

Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.

Абсолютік монархияның белгілері:

·         монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;

·         Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.

Конституциялық монархияның белгілері:

·         Конституция монарх билігін шектейді;

·         монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;

·         үкімет монарх алдында жауапты емес.

Дуалистік монархия белгілері:

·         билік монарх пен парламент арасында бөлінген;

·         монарх үкіметті тағайындайды;

·         монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.

Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.

Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).

Президенттік республика белгілері:

·         Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;

·         Президент үкіметті құрады;

·         Үкімет президент алдында жауапты;

·         Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.

Парламенттік республика белгілері:

·         Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;

·         Президентті парламент сайлайды;

·         Үкімет парламент алдында жауапты;

·         Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;

·         Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.

Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.

Оның белгілері:

·         Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;

·         Президент кең құзыреттерге ие;

·         Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.

Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық мемлекетті біріктіреді:

·         ортақ Конституция;

·         ортақ заң шығарушы орган;

·         ортақ әкімшілік-территориялық бөліну;

·         ішкі шекараның болмауы;

·         ортақ саясат.

Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері:

·         заң шығарушы аппараттың икемсіздігі;

·         аймақтардың мәселелерін ескермеу;

·         этностық топтардың пікірімен санаспау.

Федеративті мемлекет белгілері:

·         бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар;

·         федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді;

·         территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ;

·         саяси салада орталыққа бағынған.

Конфедерация белгілері:

·         ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;

·         азаматтық ортақ емес;

·         ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.

Діни белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.

Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.

Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына жатады?

Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:

·         экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;

·         әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;

·         заңдылықты қамтамасыз етеді;

·         мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;

·         Сыртқы қызметіне жататындар:

·         мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;

·         өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;

·         ауқымды мәселелерді шешуге араласу;

·         басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.
...