0 дауыс
23.5k көрілді
Мағжан Жұмабаевтің "Түркістан" өлеңінің идеясы Қандай?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады. 
«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі. 
Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр. 
М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын. 

Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған. 
Өлеңге жоспар құру.
1. Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.
2. Тұран жері – түркілер елі.
3. Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.
4. Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.
5. Туған жер – тұғырың.
Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.

Қорыта айтқанда ол халықты бірлікке ынтымаққа шақырды.

PS: Бұл менің өз ойым, өз пікірім, өз түсінігім.

0 дауыс
Мағжан Жұмабаевтың  Түркістан өлеңі,  тұтас түркі халықы жайлы тарихты паш етіп тұр.  «Түркістан екі дүние есігі ғой»  деген сөздің астарында қаншама ашылмаған ғылыми деректер жатыр ғой деп ойлаймын. Түркістан деген өлеңде түрікі елі халықтары жайлы  айтылды Ол өлеңде Шыңғысханды жазды өйткені ол түркі халқының ханы қағаны екенін айтуда.  Міне әлем  бұрмаланған тарихтан моңғол деп жүр.  Қазақта  «Ақсақ құлан Жошыхан деген күй» бар.  Ол күй моңғолға арналмаған.  Ол қазаққа аранлған.
...