+3 дауыс
31.8k көрілді
Арал теңізінің экологиялық жағдайы шығарма жазу керек еді, мәлімет тауып беріңіздерші

3 жауап

+5 дауыс
Арал теңізі табанының не бір жұмбақ сызбаларға толы болуы да жұртты таңғалдырып отыр. Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ауа райын бақылау орталығы қызметкерлері Аралды ұшақпен суретке түсіру кезінде күтпеген жайға тап болған.

Суы тартылған теңіз табанында кем дегенде 500 шаршы метр алаңда бір бағытқа тартылған ондаған ірі сызбаларды суретке түсірген. Кей жерлерде сызбалардың ені 2 метрден 50 метрге дейін жеткен. Сызбалар бір-біріне қатты ұқсайды. Мамандар бұл жұмбақ таңбаларды қаншама зерттегенімен, оның неден пайда болғанын таба алмады. Кеңес заманында Аралға орналасып, бактериялық қаруды сынаған әскерилер де, қайраңға батқан балықшы кемелері де, теңіздегі қатулы толқын, құйындар да, не болмаса табиғаттың өзге де тосын мінезі, өзгерістері де теңіз түбінде мұндай керемет сызба-таңбалар қалдыра алмасы хақ. Сонда бұл не? Әлде адамзаттан тыс тағы бір әлем болып, солардың жазғандары ма?  
Тіпті тартылған теңіз түбіндегі жұмбақ сызықтар, шын мәнінде, бізге белгісіз ақпараттық алаң болып табылуы әбден-ақ мүмкін. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, осы сызықтардың көмегімен кеңістікті ажыратуға, планетаның магниттік өрісін, меридиандар, параллельдер, оңтүстік пен солтүстікті, өзге де маңызды мағлұматтарды білуге болады екен. Тартылған теңіз түбіндегі жұмбақ жерге келген ғалымдар нақты бедерленген стрелканың тілі іспеттес суретті анықтаған. Бұл символдың әзірге қай тұсты меңзеп тұрғаны белгісіз, бірақ осынау жұмбақтардың түйіндерін бірте-бірте тарқата келе, болашақта адамзат баласы беймәлім алып меңзеп тұрған жерді табуы да мүмкін. Сонда зерттеушілерді түптің-түбінде не күтіп тұр? Жұмбақ символдардың сыры неде, кілтін қалай табамыз? Ол жерде не бар? Жаңа өркениет бар ма?  
Көзден ғайып болып бара жатқан Арал теңізінің түбіндегі суреттердің аса үлкен аумақта шашырап жатқаны әзірге ғалымдардың жұмысын күрделендіріп отыр. Ғалымдар суреттерді ұшақпен немесе тікұшақпен зерттеуге мәжбүр. Бір жақсысы, таяз әрі тұнық су жұмбақ суреттердің нақты картинасын жасауға мүмкіндік беретін көрінеді. Не керек, әйтеуір құлшынған білгіштер жерден тыс өркениеттен келген жасырын шифрлардың жауабын іздеуін жалғастыруда.
+2 дауыс

КІРІСПЕ Арал теңізінің экологиялық ахуалы “Возрождение” аралы алапат апаттың араны Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтар ҚОРЫТЫНДЫ Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Кіріспе Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық. Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды. Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс – Сырдарияның грекше аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл - Истахри, Әбу Абдаллаһ, Мұхаммед әл - Идриси, Әбу – л - Фида, сондай - ақ Әбілғазы жазбаларында Арал туралы деректер көптеп кездеседі. Теңіз табиғатын жан - жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші, әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет И. А Стрельбицкий анықтаған. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік - батыс жағына қада орнатты. Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 1903 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кеіінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми - зерттеулер және жобалау институттары шұғылданды. Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шет елдік ғылыми -зерттеулер мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота - жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңдігі 20 – 25 м, бұл теңізде жалпы ауданы шамамен 2235 км кв. болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение, т. б. Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімделген, шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақтар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңтүстіктегі жағасы Әмударияның атырауынан тұрады, батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биіктік 250 метрге жететін Үстірттің жарлауыт қабықтарынан тұрады. Арал теңізінде орталық Азияның 2 аса ірі өзені Амудария мен Сырдария құяды. Климаты континеттік, құрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 - 26 С, қыста - 7,0 – 13,5 С. Жылдық жауын -шашынның орташа мөлшері шамамен 100 - 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын - шашынның мөлшері 5,9 км, өзен ағындысы 54,8 км, көл бетініен буланған ылғал 60,7 км. 1970 жылдан бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болатындықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан - жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық ауытқуы 3 м - ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқуы көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының теспературасы жазда 26 – 30 С, қыста 0 С - тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұздылығы табиғи жағдайда 9 - 14 % болатын, соңғы он жыл ішінде 25 - 30 % - ке дейін өсті. Суы мөлдір, 25 м - ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды.

Алынған ресурс: http://www.izden.kz/kurstyk-zhumys/biologiya-valeologiya/7 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz


       Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

 

Арал теңізінің тарихы

Арал теңізінің картасы, 1853 жыл, Royal Geographical Societyжурналы, Лондон.[2]
Бірінші орыс қайықтары, 1848
Әр жылдық анимациялық карта

Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспетұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың,киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынанакуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.

Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.

Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым). Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.

Сол сияқты Араб географы Әл-Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп атаған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш Сырдария және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары» атты қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен осы өлкенің сол кезеңдегі көрсетілген табиғат жағдайлары мен қазіргі табиғатының өзгерісін салыстыра қарағанда өңірдің сипатынының бұрынғы кезде нақты қандай болғандығына көз жеткізуге болады.

Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы, яғни арнайы зерттеулердің басталуы ХVІІ-ХІХ ғасырлардыңеншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол ХVІІ ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни 1740-1741 жылдары Сырдариямен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілімге түсіріп, карта жасаған. Жалпы Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер1946–1950 жылдар аралығында болған. Ондағы мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы болжам шындыққа айнала бастағандай.

Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзген кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда, қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша құрғаған теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою-өрнектерді сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес» аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен деген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын.

Арал ойысы

Арал ойысы – Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозойшөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым; геоморфология тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат.Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км2 шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.

Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудариямегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі.

Арал ойысы табанының жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 – 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының юра мен бор шөгінділерінде мұнай менгаз, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.

Арал флотилиясы

Арал флотилиясы [3]

19-ғасырдың ортасында Ресей патшалығы Орта Азия хандықтарының, Арал теңізі мен Әмударияның шекараларына жақындай түсуі бұл өңірде порттар салып, Арал флотилиясының құрылуына әкелді. Ең алғашқы әскери «Николай» шхунасы 1847 жылы Орынборда құрастырылып, Сырдарияның жоғары ағысы арқылы Райым бекінісіне жеткізілді. 1847 жылы 20 тамызда шхуна Хиуа бекінісі жаңа қаланы алу шайқасына қатысты. 1848 жылы Арал теңізін зерттеу лейтенант А.Бутаков пен прапорщик Поспеловке жүктелді. Олар сапарға «Николай» және «Константин» (1848) шхуналарымен шығып, Хиуа хандығынақарайтын Аралдың оңтүстік жағалауы мен Әмудария жағалауларын зерттеді. 1850 жылы Швейцарияда Маталь зауытындатеңізде де, өзенде де жүзетін «Перовский» кемесі мен Обручев баркасы жасалды. 1852 жылы олар Сырдария жағалауына жеткізіліп, 1853 жылы ақпанда суға түсірілді. 1853 жылы 5 маусымда «Перовск» кемесі Ақмешітті алуға қатысты. 1856 жылы 5 маусымда Бутаков баржамен Әмудария арқылы Қоңыратқа жетті. 1873 жылы Хиуа жорығына 2 кеме, 3 баркас қатысты. Жалпы Арал флотилиясының құрамында 4 кеме («Самарқанд», «Арал», «Ташкент», «Сырдария»), 11 баркас, 10 баржа және бес сал болды. 1877 – 78 жылы кемелер 4 телім (Қазалы – Перовск, Перовск – Чинар, Қазалы – Қосарал және Қосарал – Николай аралы) аралығында адам, жүк тасымалдады. 1888 жылы «Самарқан» кемесі Перовск қаласы жанында суға батып кетті. 1882 жылы 26 қазанда генерал-адъютант Черняев Арал флотилиясын тарату туралы комиссия құрды. 1883 жылы 7 сәуірде комиссия флотилияны жойды. Арал флотилиясының орнына 1888 жылы Әмудария флотилиясын құрылды.

Арал қазба фаунасы

Мүйізтұмсық

Арал қазба фаунасы – Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы (Ақеспе елді мекені маңынан) олигоцен дәуірінің аяқ кезіндегі құрлық шөгінділерінен табылған жануарлар қалдығы. Қазба жұмыстарын 1930 ж. КСРО Ғылым Академиясының Палеонтологияинституты және Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты (1952, 1966, 1981, 1990 – 1991 ж.) жүргізді. Қазбадан:мүйізтұмсықтар (Paraceratherіum, Aceratherіum, Protaceratherіum, Aprotodon, Gіgantamynodon), бұғытәрізділер (Lophіomeryx, Mіomeryx, Prodrematherіum, Amphіtragulus), кемірушілер (Propaleocator, Aralomys, Argіromys, Agіspelagus, Protalactaga, Eumysodon), бауырымен жорғалаушылар (Chelonіa, Testudo), құстар (Anas) қалдықтары табылды. Олар шамамен 25 – 26 млн. жыл бұрын ылғалды ормандар мен көлді, батпақты аймақтарда тіршілік еткен. Арал қазба фаунасының жер қабатыныңгеологиялық салыстырмалы жасын анықтауда маңызы зор.

Арал теңізінің экологиялық ахуалы

2000-2011 жылдардағы спутниктік түсірілім

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан менТәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Арал апатына себеп болған факторлар:

жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Серіктік суреттер: сол жақта - 1989; оң жақта - 2003 жж.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі.

Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.

Арал экологиялық дағдарысы

Тастанды кеме
Арал теңізіндегі тастанды кемелер

Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстыңнеғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.

Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.

1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршыкилометрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегінде антропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды.Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.

Теңізді құтқарудағы болжамдар

Арал теңізінің 1960-2010 ж.ж. аралығындағы көрінісі

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу,атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралықконференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрысаСолтүстік Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Солтүстік Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
Жер асты суларын пайдалану.
Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.[4]

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.[5]

Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру шаралары
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев,Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.

Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды.

Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес

Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуіалфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.[5]

Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су мәселелері жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. "Сырдария" және "Әмудария" алабының су шаруашылығы басқармаларын Кеңестің су моселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын "Халықаралық Арал қорымен" және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.[6]

Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар

Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.

Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «
Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.[7]

Арал-Сырдария алабының су ресурстары

Арал-Сырдария алабының су ресурстары (Водные ресурсы Арал-Сырдарьинского бассейна) — Сырдария өзенінің алабы 39° 23'—46° солтүстік ендік пен 61°-78°—24° шығыс бойлық бойында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 км-ге, Батыстан Шығысқа қарай 1600 км-ге созылып жатыр. Жалпы өзен жүйесінің ағысынан арнасы бойынша ең шеткі нүктесіне дейін — 3019 км. Өзен Орталық Азияның төрт мемлекетінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) аймағын басып өтеді. Оның алабында ұзындығы 10 км- ден асатын 497 тұрақты өзен бар. Бұлардың жиынтық ұзындығы — 14750 км. Өзеннің су жинау алабының ауданы — 462 мың кмSuperscript text2. Антропогендік факторлардың сипатын анықтайтын алабының негізгі ерекшелігі — оның аумағының қалыптасу зонасы ағынды пайдалану немесе "таралу" зонасына бөлінуі.

Алаптың жазықтық бөлігін алып жатқан каналдар желісінің көмегімен тауларда қалыптасқан ағын аумақ бойынша таралады, содан кейін барып транспирацияға және жер асты суларының қорын толықтыру үшін сейіледі. Сонымен бірге тарамданған кәріздеу және коллектрлеу желісінің құрылысы ағындыны табиғи гидрографиялық желіге жоне көптеген табиғи төмендеген жер бедеріне жинауға мүмкіндік тудырады. Осының нәтижесінде табиғи ыңғайлы жағдайда ағынның сейілу зонасы мелиорация құрылысының кейбір этаптарында оның қайтадан қалыптасу зонасы болуы мүмкін.

Табиғат жағдайы

Табиғат жағдайының әр түрлілігі өзен алабын бірнеше бөліктерге бөлуде анықтаушы факторлар болып табылады. Сырдария өзені алабы жазық аумағының климаттық жағдайы жазда ауа температурасының жоғарылығымен, ұзақ жылы кезеңмен сипатталады. Негізінен қыс, коктем мезгілінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның аздаған ғана мөлшері қолдан суландыруды қажет етеді. Соңғы уақытқа дейін Арал теңізіне суы толық екі ірі өзен — Сырдария мен Әмудария өзенінің суын бұрып әкету, суармалау мен суландыруға пайдалану бұл өзендердің гидрологиялық режіміне әсер етіп қана қоймай, Арал теңізі алабының экологиялық жағдайын тудырды. Арал маңының барлық аумағында жауын-шашын жеткіліксіз.

Жазда мұнда бірнеше ай бойы жауын-шашын мүлде түспеуі мүмкін. Мұнда оңтүстікте жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері — 90 мм, ал солтүстікте — 125 мм. Қазақстан аумағынан шыққан кезде Сырдария өзеніне Келес, Арыс өзендерінің солтүстік жағасының салалары құяды. Оның барлық су жинау алабының ауданы —462000 км2.

Шу, Сарысу, Талас және т.б. өзендердің бұрын Сырдария өзеніне кұйғаны анықталған. Ал казір олардың сулары оған жетпейді. Сырдария алабы ең негізгі артериясын Қазақстан шегінен алып жатқан Қарадария жоне Нарын өзендерінің қосылуынан алады. Олар Тянь-Шань тау жүйесінің кар мен мұұздығынан мол қоректеніп ағады. Суы молы — Нарын, . бұл өзенмен бірге Сырдария 2900 км ұзыңдықта, ал осы екі өзеннің суын қосып : алған соң, Сырдария солтүстікте — Шатқал, оңтүстікте — Түркістанбеткейінің аралығында кең жайылған Фергана аңғарымен (300 км аса) ағады. Аңғардың оңтүстік шетінде Үлкен Ферғана, ал сол-түстік шетінде Солтүстік Ферғана каналы жүргізілген. Озен аңғардан шыққан кезде Моғалтау жотасының Ферхад аласа тау жотасы сілемін қиып өтеді. Осы жерде ол Ферғад ГЭС-ы салынған Бекабад шоңға-лын қалыптастырады.

Ағыс бойынша жоғарыда бөгенімен бірге Қайраққүм ГЭС-ы орналасқан. Осы өзеннен Киров атындағы, Дальверзинский жэне Голодностепной бас каналдары тартылған. Соңғысы дала жазығымен 150 км қашықтыққа созыла келе, Қазақстан аумағьша енеді. Бұдан кейін тағы да 1000 км-дей аға отырып, Арал теңізіне құйылады. Сырдарияның төменгі ағысы Қазақстан аумағында Қызылорда облысымен 218,4 мың км² аудан қүұай ағады. Сырдария өзен жүйесі Нарын, Қарадария, Келес және Арыс, сондай-ақ солтүстік жаға шағын өзендерінің ағысын қосып алады.[8]

Бұрынғы порттары

Барсакелмес аралы

Арал (Қазақстан);
Мойнақ (Өзбекстан);
Қазақдария (Өзбекстан).

Бұрынғы аралдары

Возрождение аралы;
Барсакелмес;
Көкарал.

Қызықты айғақтар

Аралабад кеңес курортты қаласы “Syberia” компьютерлік ойынында, атауына қарағанда Арал теңізінде орналасқан.
Рашид Нығмановтың «Ине» ( Игла) киносында басты кейiпкерлер (Цой, Смирнова) Арал теңізіне барады.
Арал теңiзiнiң таязданған түбiнде екi қоныс пен кесенелердiң қалдықтары табылған (солардың бірі Кердері кесенесі) [9].
«Иттер» ( Псы) киносы (рөлдерде Андрей Краско, Юрий Кузнецов, Михаил Жигалов және б.) Арал теңізінің құрғау нәтижесінде туындаған адам мен табиғаттың арақатынастарының трагедиясын ашып көрсетеді. Бұл кинода экспедиция аңшыларының, кезінде толы өмір мен су, ал қазір Арал теңізінің жағасындағы тастанды қалаға қасқыр-жалмауыздарды ату үшін баруы туралы айтылады.
«Call of Duty: Black Ops» компьютерлік ойынында басты кейіпкер белгілі бір тапсырманы орындау барысында Арал теңізінің аралдарының біріне түсіп қалады.
«X-Men: First Class» киносында Арал теңізімен аттас кеменің атауы жайлы айтылады.[10]

Арал теңізінің тартылуы.

 

Дереккөздер

↑ South Aral Sea shrinking but North Aral Sea expanding
↑ Ағылшын уикипедиясы, Aral Sea, The Map of Aral Sea.
↑ Аральское море: кладбище кораблей
↑ Образовательный сайт Казахстана, Арал теңізі және экологиясы, Temakosan
↑ a b «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, I том
↑ Gazeta kz, Арал теңізінің мәселелері жөніндегі арнайы кеңес,
↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том
↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
↑ Аральская Атлантида
↑ Орыс уикипедиясы, Аральское море

+1 дауыс

арал, арал өзені

Уақытысында аумағы жөнінен Жердегі ішкі сулар қатарында төртінші орында болған Арал теңізі үшін 2014 жылдың жазы тағы бір кері кеткен маусым ретінде тарихта жазылды. NASA-ның жер серіктерінен түсірілген фотосуреттерге қарағанда Оңтүстік Аралдың шығыс жартысы алғаш рет толықтай дерлік кеуіп қалды. Фотосуреттер Earth Observatory сайтында жарияланды.

Кіші Арал және Үлкен Арал; 19-маусым, 2014 жыл

арал спутник

Кіші Арал және Үлкен Арал; 25-маусым, 2000 жыл

Батыс Мичиган университетінің география профессоры Филип Миклиннің айтуынша, бұл жағдай соңғы 600 жылда, яғни, Әмудария өзені өзінің арнасын кілт өзгертіп, Каспий теңізіне құюын доғарғаннан кейін бірінші рет болып отыр (Арал теңізінің тартылуы циклді сипатқа ие). Алайда, бүгінде Әмударияның арнасы қаз-қалпында. Арал теңізіне жалғанып жатыр. Бірақ, өзен суы ұзақ жылдардан бері Арал теңізіне жетпейді. 

Бес жыл бұрын Оңтүстік аралдың шығыс бөлігі толықтай жойылған еді. Әйткенмен, мол жауын-шашынның есебінен ондағы су деңгейі күрт көтерілді. Миклиннің ойынша, шығыс бөлігінің толықтай дерлік құрғап қалуына Арал теңізі алабында жауын-шашынның аз түсуі себеп. Сонау Памир тауларында қар аз түсіп, еріген қар суларының аздығынан онсыз да Аралға тамшыдай болып жететін өзендегі су қоры анағұрлым төмендеген. Одан бөлек, Орта Азия елдерінің өзен суын ауылшаруашылығы қажеттеліктері үшін тынымсыз пайдалануы аз су мөлшерін тіпті тауысты. Ал, Арал теңізінің құрып бітуі адами факторлардың салдарынан басталғаны әуелден белгілі.

Біреу еді, үшеу болды

Теңіздің тартылуы XX ғасырдың орта тұсында басталды. Дегенмен, Аралдың «жоқ» болатыны жөнінде қауіп сөздері одан бұрын, 30-жылдары айтыла бастаған-ды. Сол кезде КСРО аумағында Орта Азия жерлерін мелиорациялау жөнінде ғаламат бағдарлама қолға алынды. Әмудария мен Сырдария өзендері бойынан суландыру жүйесінің құрылыстары басталды. Бір ғана Қарақұм су арнасының ұзындығы 1445 шақырымға созылып,Әмудария суының 45 пайызын өзіне алып қойды. Кеңестік инженер-мелиораторлардың суды шығындамай сақтап қалу үшін қолдан қазылған су арналарын бетондауға бастары жетпегені таң қалдырады.

Арал, шіркін, 60-жылдарға дейін өзінің тірі қалуы үшін күресіп-ақ бақты. Ондағы су деңгейі бұрнағы қалпын сақтады. Ауданы 68 мың шаршы шақырымға, ұзындығы 426 шақырымға, ені 284 шақырымға жетсе, ең терең жері 69 метр болды. Жылына 40 тонна балық ауланып, теңіздің қазақстандық бөлігінде — бес балық зауыты, балық консервілеу комбинаты, 45 балық қабылдау бекеті; өзбекстандық бөлігінде — бес балық зауыты, балық консервілеу зауыты мен 20-дан астам балық қабылдау бекеті жұмыс істеді.

Бірақ, 60-жылдардан бастап теңіз деңгейі 0,7 метрге қайтымсыз түрде төмендеді. Аралға келіп құятын өзен суларының мөлшері — 4,5 есе, теңіздегі су айдынының ауданы – 8 есе, су көлемі – 13 есе азайды. Тұздану деңгейі 13-25 есе өсіп, Әлемдік мұхиттың минерализациялану бойынша орта деңгейінен 7-11 есе артып кетті. 1989 жылы Арал теңізі бір-бірінен оқшауланған Солтүстік (Кіші) Арал және Оңтүстік (Үлкен) Арал деп екіге бөлінді. 2003 жылы Оңтүстік Аралдың өзі тағы екіге: шығыс және батыс бөлікке айырылды (Шығыс Арал және Батыс Арал).

Оңтүстік Аралдағы судың тұздылық деңгейі артқаны соншалық, ондағы балық біткен қырылып қалды. Судағы тіршілік тоқтап, «Артемия салина» шаяндары ғана бұл тұзды суларды мекендеді. Теңіз табаны жаңа бір шөл дала – Аралқұмға айналды. Егістікке пайдаланылған тыңайтқыштар құрамындағы пестицидтер мен тағы да басқа улы заттар Әмударияға қайта қосылып, өзен суымен бірге Арал теңізіне құйылып келгендіктен, ешқайда кетпей, теңіз түбінде шөгіп қалған-ды. Сол улы заттар теңіз тартылғанда, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтеріліп, Арал маңын, Қарақалпақстан мен Қазақстанға жататын аумақтарды экологиялық апат аймағына айналдырып жіберді. Жергілікті жұрт тыныс жолдарының созылмалы аураларына, анемия, қылтамақ, бауыр-бүйрек және көз аураларына шалдықты. 
 

Қазақы Арал

Сырдария өзені келіп құятын Солтүстік Аралдың жағдайы Оңтүстік көршісімен салыстырғанда анағұрлым жақсы. Қазақстан билігі қалып қойған теңізді қалпына келтіруге шындап кірісті. 2005 жылы ұзындығы 14 шақырымдық Көкарал бөгеті салынғаннан кейін Кіші Арал суының Үлкен Аралға жылыстауы тоқтатылды. Осылайша, Солтүстік Аралда тіршілік жанданды. 2010 жылы Солтүстік Аралдағы су деңгейі мұхит деңгейінен 42 метрге көтерілді. Бұл дегеніңіз, Оңтүстік Аралдағы су деңгейінен 14 метрге жоғары, өткен ғасырдың 70-жылдарындағы су деңгейінен 11 метрге төмен. Су айдынының ауданы үш мың шаршы шақырымнан асады. Орташа тереңдігі — 8 метр. 

Қазір Солтүстік Аралда жылына 6 тоннаға дейін балық ауланады. Мұндағы суларда сазан, көксерке, ақ амур, лақа, табан, торта, камбала балықтары бар. Таяу жылдарда су деңгейі Арал қаласына жақындауы мүмкін деп күтіліп отыр. 2012 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Кіші Арал теңізі мен Сырдарияның сағасын әлемдік маңызы бар сулы-батпақты жер-сулардың тізіміне қосты. Осы тізімге енген жер-сулар Рамсар конвенциясымен қорғалады. 

Теңіздің оңтүстік бөлігі болса, өзінің ақырғы күндерін кешіп жатқанға ұқсайды. Осыдан бес жыл бұрын ресейлік ғалымдар ондағы су деңгейінің жылына бір метрге тартылатынын, ақырында «жер асты және қалдық өзен суларымен қоректенетін ащылы-тұщылы су айдынына» айналады деп болжам жасаған. NASA-ның фотосуреттеріне қарағанда, Үлкен Аралдың шығыс бөлігі бұл стадияны өткерді. Ендігі кезек, батыс бөлігінде. Әмударияның суы бұл бөлікке жетпейді. Су айдыны жер асты су көздерінің есебінен «бар» болып отыр. Түрлі бағалауларға сенсек, жер асты су көздерінен жылына екі текше шақырым су беріледі.
Сөйте тұра, Аралдың суын «тартып алып қойған» Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркіменстан мемлекеттері суармалы жерлерінің жартысын қысқартып, Әмударияның айдынын толтыруға ешбір құлық танытар емес. Керісінше, халқын асырау үшін суармалы жер көлемін үздіксіз арттырып келеді. Экспортқа шығарылатын ылғалсүйгіш мақта өсімдігі де осы Әмударияның есебінен суғарылады. Аралдың ажалына кезінде осы мақта өсіру шаруашылығы тікелей себеп болған-ды. 

Ғалымдар теңіз деңгейін толықтай бастапқы қалпына келтіру үшін Әмудария және Сырдариядан жылына құйылатын су мөлшерін төрт есе арттыру керектігін есептеп шығарды. Бүгінде, бұл қос өзеннен жылына 13 текше шақырым су құйылады. Арал теңізінің тартылуына үлкен зардап шеккен Өзбекстан үкіметінің ұйытқысымен ұйымдастырылатын конференциялардан келіп жатырған пайда аз. Бұған қоса, Аралқұм аумағында көмірсутектердің ірі қоры ашылған. Кейбір есептеулерге сәйкес Аралқұмдағы көмірсутек қоры Орта Азиядағы барлық мұнай қорының 31 пайызын, газ қорының 40 пайызын құрайды. Мұнда қазір ресейлік «Лукойл» компаниясы белсенді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан да теңізді тірілту мәселесі көзделген пайданың ығында қалып, әзірге екінші орынға ысырылған сияқты.

Теңізді толтыру үшін ойластырылған қияли бір нұсқа бар. Ол — Памир тауларының тәжік жеріндегі аумағында орналасқан Сарез көлінің суы есебінен теңізді толтыру. Сарез көлінің су деңгейін 70-100 метрге төмендету арқылы Арал теңізінің айдынын 6-8 миллиард текше метр сумен толтыруға болатыны есептелген. Бірақ, Аралды қалпына келтіруге қатысты қандай әрекет болмасын, осыған мүдделі мемлекеттердің күші біріктірілу керек. Ал, бұған мүдделі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас әзірге жақсартуды қажет етеді. Арал теңізінің келешегі де осы жақсартуларға байлаулы.

Ұқсас сұрақтар

...