Тіл деп аталады да)))
Хамелеонның тілі - Идиоадаптацияға жатады.
Идиоадаптация (грек. іdіos – өзіндік және лат. adaptatіo – бейімделу) – организм органдарының құрылысы мен өздері атқаратын қызметінің тіршілік ету жағдайы ерекшеліктеріне қарай құрылымдық деңгейінің өзгермей, күрделенбей бейімделуі.
“Идиоадаптация” терминін 1931 жылы А.Н. Северцев ұсынған. Идиоадаптация – арогенезге кереғар құбылыс. Ғылыми әдебиетте идиоадаптация терминімен қатар кладогенез, алломорфоз, аллогенез деген атаулар да пайдаланылады. Мысалы, жейтін жемінің және оларды табу тәсілдерінің түрлілігіне қарай құстардың тұмсықтарының әр түрлі болуы; масалардың паразиттік тіршілік етуге, өсімдіктің ұрығын таратуға, т.б. бейімделуі; пішіні әрқилы және алуан түрлі ортада тіршілік еткенімен ішек қуыстыларға жататын гидроидтар, маржан полиптері, ескектілер, т.б. өзінің қос қабаттық пішіні мен құрылымын сақтап қалуы, т.б. Негізінен идиоадаптация нәтижесінде организмдер топтарының таралу аясы кеңейіп, көптеген туыс, түр, түр тармақтары пайда болады.