0 дауыс
9.0k көрілді
Қолғанат  деген мазмұндамыны тауып беріңіздерші? Маған мазмұндаманы жазу керек еді мен ұмытып қалдып не туралы екенын.

2 жауап

0 дауыс
Қолғанат

Арамызда мейірімге мұқтаж жандар көп…

«Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім кешегі үшін көмек қолын созған кісі  Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты».

Хадис

Қоғамдағы жетімдерге қарасу —  мұсылмандардың басты міндеті. «Жетім көрсең жебей жүр» дейтін ата-бабаларымыз жетімді мүсіркеп, оған қарасуды үлкен сауап көріп, ал оның ақысын жеудің үлкен күнә екенін жете түсінген.

Сондықтан жетім-жесірлердің ақысын жемей, оларға қарайласу әр заманда назардан тыс қалмаған. Бүгінгі таңда да әркім өз шамасына қарай жетімдерге көмек қолын созуда.

Солардың бірі Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия Ұлттық университеті студенттерінің бастамасымен құрылған «Қолғанат» қайырымдылық клубы.



Алғаш, яғни, 2006 жылы әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Шырақ» деген атаумен жұмысын бастаған қайырымдылық клубы біраз іс-шаралар атқарғанымен, оны ұйымдастырып жүрген студенттер оқу бітіргеннен кейін, олардың істері бірнеше ай тоқтап қалған болатын. Содан соң олардың қайырымдылық шараларына куә болған Рафаэль Юлдашев игі істің орта жолда қалмауына себепші болып, оны ары қарай жалғастыруды өз қолына алған. Сөйтіп 2010 жылдың мамыр айында қайырымдылық клубы «Қолғанат» деген атаумен жұмысын жалғасыртырып, университеттің  әлеуметтік ғылымдар факультетінде салтанатты түрде ашылған. Оған Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және аталған университет басшылары бірауыздан қолдау көрсеткен.



«Қолғанат» қайырымдылық клубының директоры Рафаэль Юлдашевтің айтуынша бүгінгі таңда осы университеттің өзінде балалар үйінде тәрбиеленген көптеген бозбалалар білім алуда.

Өзім де  балалар үйінде  тәрбиеленгендіктен әрқашан ата-анасыз өскен балаларға жаным ашып тұрады. Оларға қолдан келген жәрдемімді беруге тырысамын. Өйткені, жастардың көбі оқу оқымай, жұмыс істемей көше кезіп, маскүнемдікке бой алдырып, одан қалса ұрлық жасап қылмысқа ұрынып жатқаны бүгінгі таңда жиі кездесетін құбылысқа айналып отыр. Оларды қадағалап, бақылау жасап жатқан ешкім жоқ. Жетім балаларды ескерусіз қалдыру, оларды өз бетіне тастап кету адамгершілікке де жараспайды. Жетімдерді мәпелелеп, тәлім-тәрбие бермесек, олар қоғамға өкпелі, құсалы жандар болып өседі. Міне, сондықтан мұсылмандардың міндеті жетімдерді есіркеу, оларға көмектесу, оларды сыйлау», –  дейді Рафаэль Юлдашев.

Сондай-ақ Рафаэль Юлдашев  жанында жүрген достарына да Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):  «Кімде-кім Аллаһ разылығы үшін жетімнің басынан сипаса, қолы тиген шаштың санындай сауап алады», – деген сынды  көптеген хадистерін мысалға келтіре отырып, жетім балалар мен қарттарға көмектесу қажеттігін әрдайым ескертіп жүретіндігін айтады.



«Қазіргі таңда мейірімге мұқтаж жандар өте көп. Өкінішке орай өзге бала тұрмақ өз баласына  уақыт таппайтын мына заманда ешкім де жетімдер туралы ойламайды да. Тіпті, көп ештеңе істемей-ақ, жылы қабақ танытып, мейіріммен қарағандарының өзі жетім балаларға зор қуаныш сыйлайтыны бұл жандардың санасына кіріп те шықпайды. Дегенмен, бұл – адамдардың бәрі тасбауыр деген сөз емес, балалар үйіндегі жеткіншектерді үнемі назарда ұстап, әр мереке сайын сыйлықтар үлестіріп, олардың көңілдерін көтеріп, қуаныштарымен бөлісіп жататын ағаларымыз да баршылық. Біздің клуб та арнайы бағдарламасын әзірлеген. Балалар үйіндегі жас достарымыз бен қарттар үйіндегі қарияларды әрқашан назарда ұстаймыз. Әр мереке сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, сыйлықтар сыйлап, өзіміз дайындаған концерт те көрсетеміз. Олар да бізді үнемі күтіп жүреді, барғанда қуана қарсы алып, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын сыйлап жатады. Біз де олардың жүздерінен нұр кетпегенін қалаймыз. Қарттар үйіне де жиі барып, концерттер қойып, жабырқаулы қариялардың бір сәт болса да көңілдерін көтеруге тырысамыз. «Балам келіп қалар-ау деп» үмітін үзбей, есік жаққа жалтақтап, балаларын аңсап күтіп отырған қариялар, біз барғанда өз балаларын көргендей бір жасап қалады. Кетер кезде де қимай қоштасатынын жанарларынан аңғарамыз», – дейді клуб басшысы.

Сондай-ақ Рафаэль Юлдашев бұл  іске қолдау көрсеткен Балалардың құқығын қорғау департаменті мен университет басшыларына риза екендігін айтады. Оның үстіне алға қойған мақсаттары да биік екендігін жеткізді. Дегенмен, «Бірігіп көтерген жүк жеңіл» дегендей жетім балалар мен қарттар үйіндегі қарияларға көмек көрсетіп өздеріне сауап жинап, әрі қайырымдылық клубына қолдау көрсететін отансүйгіш, мейірімді жандар табылып жатса нұр үстіне нұр болатындығын, ал, жетімдерге жасалатын ең үлкен жақсылықтың бірі олардың мектептерде, университеттерде білім алуына көмектесу екендігін баса айтты. Оның үстіне, еліміздің келешегі иманды, білімді азаматтарға байланысты болғандықтан, қамқоршысы жоқ балалардың білім алуына мүмкіндік жасап, қоғамға пайдасын тигізетін азаматтар тәрбиелеу баршаға ортақ іс екендігін де тілге тиек етті. Және ол жетімдерге жақсылық жасағанда тек Аллаһ Тағаланың разылығына ие болу үшін жасау керектігі, басқа мақсаттардың болмауы, шын ықыласпен, таза ниетпен ғана жасаудың абзалдығын да айта кеткен дұрыс деп санайды.

Бір хадисте Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.): «Кімде-кім қарауындағы жетім ұлға не қызға жақсы қараса, ол адам екеуіміз Жәннатта қатар тұрамыз» деп екі саусағын біріктіріп көрсетілгені жөнінде  айтылған. Міне, сондықтан мұсылмандардың басты міндеті жетімдерді естен шығармай, оларға көмектесу болып табылатындығын естен шығармайық.

Дерек көз: http://www.muslimwomen.com.kz/kk/
0 дауыс
Қолқанат
Айдос жаз бойы бақшада жұмыс істеді.Жүйектерді суғарды.Арам шөптерді отады.Қолынан күрек,кетпені түспеді.
        Бақшадағы қарбыздар қампиып өсті. Қызанақтар нарттай қызарды.
        Айдос достарына қарбыз сойып берді. Достары Айдостың еңбегіне риза болды. Осылайша Айдос қолқанат бала атанды.
Сұрақтар:
1.Жаз бойы Айдос не істеді?
2.Бақшадағы көкөністер қалай өсті?
3.Айдосты неліктен қолқанат бала деп атады?
Жоспары:
1.Айдостың еңбегі
2.Бақша өнімдері
3.Достарының ризашылығы
...