+1 дауыс
804 көрілді
Жалпы солай естіп едім. Распа, өтірікпа білмим. Егер шын болса ол қандай формат?
ЗЫ. Өзім 2012 де бітірдім. Сосын, жаңа форматтағы ҰБТ туралы есту құлаққа жақты)))

5 жауап

0 дауыс
ҰБТ дәл бұрынғыдай өтеді.  ҰБТ жақындаған сайын неше түрлі әңгімелер шығатыны - жыл сайын болатын құбылыс, заңдылық.

Мен 2014 жылы бітірдім, бізге де айтқан. Ары кетсе бұл жылы қатты тексерер, сұрақ кітапшаларының түсі мен бланкілер өзгерер, бақылау күшейтілер, бірақ басқа форматта болмайтын болар. Еш жерде жазылмаған, арнайы лауазымды кісі өз аузымен айтпаған сөзге сенуге болмас.
Перваш)))))) аудиторияңды таппай жүрсіңдерма?!))))))
Бас жағында болған. Қазір "городскоймыз" )))
+1 дауыс
Бұл жылы өзгермейдi. Келесі жылға қалдырып келе жатыр ғой жыл сайын.  Өзгерткен болса бiзге айтар едi.
0 дауыс
Биыл ҰБТ ешқандай өзгеріссіз болады. Ол туралы шешімді қаңтар айында хабарлап қойған
0 дауыс
2016 жылы өзгереді дейді көрші Лёха.
0 дауыс
2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден бас тартылмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ҰБТ соңғы рет өткізіліп отыр деген әңгімеге келсек. Бұл олай емес, ҰБТ 2015 жылы да өткізіледі. Бізде білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бар, онда 2015 жылдан бастап, мектеп бітіру емтиханы форматының қайта қарастырылатыны айтылған. Бұл мәселелерді зерттейтін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Шешім қабылданған кезде хабарлайтын боламыз, бірақ бұл 2015 жылғы ҰБТ-ға қатысты емес", - деді Балықбаев.

Бұған дейін 2015 жылға қарай ұлттық бірыңғай тестілеудің алып тасталатыны хабарланған еді. 2015 жылдан бастап екікезеңді тестілеуге ауысудың жоспарланып отырғаны айтылды. ҰБТ екі кезеңге бөлінеді делінген еді: Ұлттық тестілеу және Кешенді тестілеу. "Бірінші кезеңде бес пән бойынша функционалдық сауаттылық сыналады, қазақ тілінен басқа пәндер жыл сайын өзгеріп отырады. Түлектердің өз ойын жеткізе білуін тексеру үшін эссе жазу қарастырылады. Ал екінші кезеңде талапкерлер жоғарғы оқу орындарына таңдаған мамандығына қарай пәндер блогы бойынша тәуелсіз тест тапсырады", - деп хабарлаған еді Білім және ғылым министрлігінің өкілдері.

 

 

 

 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі екі кезеңге бөлінбек.

Білім және ғылым министрлiгiнен бұдан бұрын хабарлағандай, қазіргі бірыңғай тест жүйесі айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ. Өйткені, "мектептен алған білімді тек бір салада толық көрсету мүмкін емес".

Сондықтан енді мектеп түлектері екі кезеңдік сынақтан өтеді. Алдымен олар бірнеше пәннен жазбаша емтихан тапсырады. Ал жоғарғы оқу орнына түсер сәтте кешенді тестілеуге қатысады. Яғни, талапкер алдымен аттестат алу үшін мектеп бітіру емтиханын тапсыруы керек. Ал жоғарғы оқу орнына түсу үшін бөлек сынақтан өтетін болды. Әрі екеуі де автоматтандырылған компьютерлік әдіспен жүргізілмекші. Жалпы нобайы жасалғанымен, әзірге жоба құрастырылу үстінде.

Кешенді тест екі бейінді пән бойынша өткiзiлуi мүмкiн. Сондай-ақ емтиханның өту формасы да өзгередi деп күтiлуде. Атап айтқанда, мәтінмен жұмыс жүргізіліп, біліктілікті тексеретін бірнеше тапсырмалар беріледі. Бұл оқушылардың жаттанды білімін емес, оны іс жүзінде қаншалықты пайдалана алатынын анықтайды.

ҚазАқпарат
...