Акрополь бірегей архитектуралық кешені қазіргі Грекияның астанасы Афинада сақталған. Грекше " Акрополь" - "жоғарғы қала" дегенді білдіреді. Бұл мекен көне Афинаның тұрғын үй орамдарынан жоғары, негізінен, ғибадатханалар мен алып ескерткіштерден құралып, тегіс төбенің басына қоныс тепкен.
Оған Парфенон ірге көтерген.