0 дауыс
1.4k көрілді
Әлемдегі ең алғашқы тұмша қайда, не себептен болды? Тұмшаның әсері, нәтижесі қандай?
Тұмша деген не
Ештеңе емес

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Лондондағы түтінді тұман орта ғасырдан бері бар. 1273 жылы король Эдуард I көмірді жаққанда пайба болатын түтіннің көптігінен қалада көмір жағуға тыйым салды. XIX ғасырдың соңынан бастап Лондон мен смог айырылмастай болды. 1952 жылы 8-12 желтоқсан аралығында Лондон қаласындағы смогтың кесірнен 4000-нан астам адам қаза тапты. Ал одан кейінгі уақыттарда 8000-нан астам адам қаза табады. Алайда, үкімет бұл болған жағдайлардың жағылған көмір түтінімен тығыз байланысты екендігін мойындамады. 1952 жыл — Лондон тұрғындары үшін ең ауыр жыл болып саналады. 1956 жылы Лондонда «Таза ауа актісі (Clean Air Act)» шықты. Актіге сай қаладағы көмір отынын тұтынатын орындар мен үйлердің жылу жүйелері түтінсіз немесе түтіні аз отын көздеріне (газ, жанармай және, электр қуаты) ауыстырылды. 1968 жылы Лондондағы түтін шығаратын өндіріс орындарында ауа тазалығын реттейтін «Биік мұржа. Таза ауа актісі» іске асты. Нәтижесінде зауыттардың түтін шығаратын мұржалары биіктетілді. Осылайша қалаладағы таза ауа мәселесі шешім тапты. Қазіргі кезде Лондонда қоршаған ортаны қорғау саясаты жөнге келгендіктен, смог деген кесапат құрыған. Тек өткен кездің еншісін- дегі апат ретінде қалды.

 

Толық ақпарат: http://kk.wikipedia.org/wiki/Тұмша

+1 дауыс

Тұмша (ағылш. smog, smoke — түтін, fog — тұман) немесе смог — өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұман және шаңнан тұратын аэрозоль. . Түтін немесе көсіпорынның газ қалдықтары қосылған қалың тұман және шоғырлануы жоғары тозаңдар мен ащы газдардың бүркеніші (тұмансыз) болатын түрлері сараланады

Алғаш рет 1905 жылы доктор Генри Антуан де Воның «Тұман және түтін (Fog and Smoke)» мақаласында «Smog» деген терминді қолданды. 1905 жылы 26-шілдеде лондондық Daily Graphic газеті жаңа терминнің пайда болғандығы жайлы және келесі күні доктор Генри Антуан де Воның қоғам үшін үлкен еңбек атқарғанын жазды. Доктор Во тілге тиек еткен түтін Лондон қаласында пайда болған тұманды түтін болатын.

ТҰМАНДЫ ТҮТІННІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Смог үлкен қалалар мен индустриялық өндіріс орталықтарында кез-келген ауа-райы жағдайында пайда болады. Оған себеп — ауаның ластығы. Смог жаздың ыстық күндері, желсіз күндері қауіптірек болады. Өйткені ауаның жоғарғы қабаты қатты ысып кеткен-діктен ластанған ауаны жоғары жібермей ұстап қалады. Мұндай жағдай таудың тасасы мен сайлы аймақтарда орналасқан қалаларда жиі болады. Оған мысал ретінде Алматы қаласын атауға болады. Алматының ауасы қысы-жазы түтінді әрі тұманды болып тұрады. Бір рет пайда болған смог тезірек тарай қоймайды. Оның басты себебі — Алматының шетіндегі биік таулар мен қаладағы құмырсқадай қаптаған автокөліктер. Әлемдегі халқы көп қалалардың ішінде смогтан ең көп зардап шегетін қалалардың қатарына мыналарды жатқыза аламыз: Лондон, Лос-Анджелес, Мехико, Афины, Гонконг, Пекин және Москва. Гонконгтағы смогтан биік ғимараттардың басы көрінбейтіндей жағдайға жетеді. Мұндай жағдайлар Қытайдың өндірісті және халқы көп шоғарланған аймағында байқалады. Ресейде жыл сайын смогтың кесірінен 300 мың адам көз жұмады екен. Ал БҰҰ-ның деректері бойынша әлемде 1 млрд.-тан астам адам лас ауамен тыныс алса, жыл сайын 3 миллион адам ластанған ауаның кесірінен көз жұмады.

ЛОНДОН ҚАЛАСЫНДАҒЫ СМОГ МӘСЕЛЕСІ

Лондондағы түтінді тұман орта ғасырдан бері бар. 1273 жылы король Эдуард I көмірді жаққанда пайба болатын түтіннің көптігінен қалада көмір жағуға тыйым салды. XIX ғасырдың соңынан бастап Лондон мен смог айырылмастай болды. 1952 жылы 8-12 желтоқсан аралығында Лондон қаласындағы смогтың кесірнен 4000-нан астам адам қаза тапты. Ал одан кейінгі уақыттарда 8000-нан астам адам қаза табады. Алайда, үкімет бұл болған жағдайлардың жағылған көмір түтінімен тығыз байланысты екендігін мойындамады. 1952 жыл — Лондон тұрғындары үшін ең ауыр жыл болып саналады. 1956 жылы Лондонда «Таза ауа актісі (Clean Air Act)» шықты. Актіге сай қаладағы көмір отынын тұтынатын орындар мен үйлердің жылу жүйелері түтінсіз немесе түтіні аз отын көздеріне (газ, жанармай және, электр қуаты) ауыстырылды. 1968 жылы Лондондағы түтін шығаратын өндіріс орындарында ауа тазалығын реттейтін «Биік мұржа. Таза ауа актісі» іске асты. Нәтижесінде зауыттардың түтін шығаратын мұржалары биіктетілді. Осылайша қалаладағы таза ауа мәселесі шешім тапты. Қазіргі кезде Лондонда қоршаған ортаны қорғау саясаты жөнге келгендіктен, смог деген кесапат құрыған. Тек өткен кездің еншісін- дегі апат ретінде қалды.

СМОГТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ

Үлкен қалаларда басты мәселеге айнал-ған смог балаларға, жасы ұлғайған адамдар- ға, және жүрек, тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті. Смог демікпеге, тыныс алудың қиындауы мен тоқтауына, бас ауруларына, тұмауға себеп болады. Сонымен қатар көздің, мұрынның және жұтқыншақтың мөлдір сұйық қабаттарының зақымдануын тудырады, иммунитетті әлсіретеді. Смог пайда болған кезде ауруханаға түсетіндердің саны артады, аурудан толық сауыққан адамдардың аурулары қайта қозады, тыныс алу жолдары ауруларымен және жүрек ауруларымен ауыратын науқастардың өлімі көбейеді.

ТАБИҒИ СМОГ

Смог табиғи жолмен де пайда болады. Мысалы, жанартаулар атқылаған кезде ауаға көтерілетін күкіртті газ көбейіп, атмосферада смог түзіледі. Мұндай жанартаулық смогты ағылшынша Vog (Vulcan fog) деп атайды. Табиғи смог Индонезияда да орын алады. Онда өртке оранған орманнан шыққан смогқа ұқсас түтін Индонезиядан бөлек Тайландқа, Филиппинге, Сингапурға және Малайзияға жетеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Смогтың салдарынан болатын шығандар мен адам денсаулығына төнетін қауіпті ойласақ, оның алдын алу әлде қайда пайдалы екендігін аңғаруға болады. Бірақ ол билік тарапынан жүргізілетін қоршаған ортаны қорғау саясатына тікелей байланысты. Алматыдағы жағдайды мысал ретінде қарастырайық. Ескі автокөліктерден бөлінетін зиянды газдардың зияны өте көп. Ондай автокөліктердің пайдасынан зияны басымырақ. Ауру адамдардың емделуге жұмсайтын шығындары мен мемлекеттен бөлінетін қыруар қаржының біраз бөлігіне Алматы қаласында қатынайтын жаңа автобустарды сатып алуға болар еді ғой. Ал ол қала басшылығы мен министрліктерді шешетін мәселесі. Осындайда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық мақалы еске түседі. Ауаның ластану мәселесі тек қана берен-саран елдердің ғана мәселесі десек, қателік болар еді. Ауаның тазалығы үшін барлық ел жауапты. Өйткені ауа бәрімізге ортақ. Әр елдің жеке аспаны болса да ауасы болмайды.

http://kk.convdocs.org/docs/index-319228.html

Ұқсас сұрақтар

...