0 дауыс
1.8k көрілді
Лид, пуза, фратрия дегендер нелер? Қандай салаға байланысты?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Фратария-латын тілінен аударғанда "бауырластық" деп аударылады...Ресейлік "Спартак" клубының жанкүйрлерінің қоғамдастығы. Футболға байланысты....

Пузо-іш, қарын деген мағынада..... адамның дене мүшесіне байланысты...

Лид – қысқа хабардағы ең бірінші сөйлем, яғни мақаланың басы. Журналистикаға байланысты....
+1 дауыс
Лид( журналистика) – қарапайым, түсінікті жазылған ең бірінші, ең алғашқы екі сөйлем. Яғни мақаланыңбасы Лид деп аталады. Лидтің мақсаты – оқырманназарын баурап алып, мақаланы оқуға деген ынтаны ояту. Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралы хабарберіледі. Қысқа хабар беру 2 түрлі болады: қатты, жұмсақ. 1. "Қатты"  ақпарат- болып жатқан оқиға жайлы сенсациялық ақпарат.Ол ақпаратта лидтің мынадай түрлері ажыратылады. - Бір  элементтік лиджаңалық жасап тұрған ең маңызды элемент. Ол адам аты, оқиға соңы, уақыты болуы мүмкін. - Жинақтау лидақпаратта маңыздылығы бірдей бірнеше элемент болғанда қолданылады. - Ілмекті лидақпараттық материалды түгел тауысады. Автор бірінші абзацта- ақ бүкіл сұраққа жауап бере салады. - Жылдам  сәйкестендірусуреттеліп отырған оқиға танымал тұлғаның қатысуымен өтетіндіктен, ақпарат бірден "кім?" деген сұраққа жауап беруден басталады. - Баяу сәйкестендіруоқиғаға себепкер болған адам- елге танымал емес, тек болған оқиға барысында ғана көзге іліккен қарапайым адам. Мысалы, кісі өліміне себепкер болған адам жайлы ақпарат. - Жалғыз оқ лидақпарат өте қысқа, бірақ афоризм тұрғысынан алғанда маңызды. Мысалы, "Басқа пәле- тілден". - Талдамалы лидақпарат жинақы, ақпарат беру барысында журналист болған оқиғаға байланысты өз ойын қосады. Ол "дегенмен", "алайда", "бірақ та" секілді қыстырма сөздермен жүзеге асады. - Каламбур лидәдетте жергілікті көңіл көтеретін баспасөз беттерінде кездеседі. Лидтің негізі болып кинофильмдер, телебағдарламалар немесе танымал жұлдыздардың есімі алынады. Мысалы, "Баян Есентаева сендіре алмай жатыр..." 2. Жұмсақ  ақпарат-ақпарат толық, кішкене бөлшектеріне дейін сипаттала отырып жазылған. Халықты "жұмсақ" ақпаратпен құлақтандыру кезінде төмендегі лид түрлері қолданылады: - әңгімелеу лиді- Салыстыру лидібірінші абзацта кеше мен бүгін, ескі мен жаңа қарама- қайшылық ретінде суреттеледі. Мысалы, "Кешегінің жастары баспын дейтін, бүгінгінің шалдары жаспын дейді". - Бағытталған лид  (стаккато)ой тастау мақсатында үзінді түрінде жазылған телеграфтық қысқа сөйлемдер. Бірінші абзацта ойды оқырманға бағыттап, "Егер сіз..." немесе "Сіз..." деп басталады. - Сұрақты лидсұрақ ашық түрде қойылады. Мысалы, "Конференция барысында айтылғанның бәріне сенуге бола ма?" ("Қатты" ақпарат ешқашан сұрақпен басталмайды.) - Дәйексөз лидіабзац ашық тырнақшадан басталады. Бұл тәсіл Еуропалық баспасөзде кеңінен тараған. - Шолжаң  лидкекесінді лид. Ол шығармашылық бағыттағы ақпараттарда өте жиі қолданылады. -- Әсел Сарқыт( талқ) 00:26, 2013 ж. қазанның 7 (ALMT)

Журналистикаға байланысты сөздер.
Лид табылды, қалғаны жайлы не дейсің?
...