Сұрақ белгісін кез-келген сөзге қойса, ол сұраулы сөйлем бола ала ма?

+1 дауыс
9.1k қаралым
"Ақымақтың сұрағын қойып, ақылды жауап күтпе" - деген...
• Санаты: Қазақ тілі | 9.1k қаралым

7 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап

Жоқ бола алмайды. Сұраулы сөйлем: 

Сұрау есімдіктерімен (кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?)

Сұраулық шылаулармен (ма (ме), ба (бе), па (пе)) 

ғана жасалады

0 дауыс
Болмайды әрине. Қағидаға тура келмейді.
+2 дауыс
Қызық екен, "Көке апам келе жатыр" - деп артына "?"-белгісін қойсақ, бұл хабарлама реңкіндегі сөз қалай сұрақ реңкін бермек. Бұл ережеге келмейді. Сұрақ белгісі тек сұраулы формадағы сөздердің соңына қойылады.
+2 дауыс
Сөйлем 3-ке бөлінеді: 1. Хабарлы сөйлем.   (келді.)

                                    2. Сұраулы сөйлем.  (келді ме?)

                                    3. Лепті сөйлем  .      (кет!)
+1 дауыс
Кей әдебиеттерде болады. Кез келген хабарлы сөйлемді интонациямен сұрақ ретінде оқысаң.

Ал грамматика бойынша кез келген сөззе сұрау белгісін қойып, сұраулы сөйлем жасай алмайсың.
+1 дауыс
Қате ретінде есептеледі емеспе. Мысалы мен осы сайтқа менің алгебрадан сұрағым бар дейді де ? белгісін қойып қояды сол қатеге жатады. Ал ол өңделмей тұрады.
Әрине қате, ол хабарлы сөйлем емес пе.
+1 дауыс
Әрине,болмайды.Қарапаймы ғана мысал:
Сен үйге кетіп бара жатырсың?
Бұл сұраулы сөйлем емес.
Сен үйге кетіп бара жатырсың ба?Бұл сұраулы сөйлем.
Сұраулы сөйлем ма,ме,ба,бе,па,пе шылаулары арқылы жасалады…

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы