0 дауыс
4.6k көрілді
 «Гәккуді» шығарған кім?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Үкілі Ыбырай Кәкима деген әнші қызға шығарған.....

“Я, жасаған, аузыма жақсы ән сал, не осы арада мені ал”, – деп жалбарынған кездерінде, талай тебіреніске түседі. Осындай бір тынышсыз түндерінде түсінде қаңқылдаған қоңыр қаздың дауысын естиді. Аққу-қазды көл шетінде аппақ келбеті жайнап Кәкима елестейді. Аққу сынды сұлу қыз елестегенде, оның атына балама ретінде аузына “Гәкку” деген ғажайып сөз түседі. Сол сәтте шабыттың үні басталады. Бұрын-соңды естілмеген жаңа ән арнап кел деген қыздың талабы да қызу қанды ақынның намысын қамшылайды. “Аққу”, “Гәкку”, “Кәкима” деп қайталап, ақ қағазға жаңа өлең жолдарын түсіреді. Түсіреді де, біресе сырнай, біресе домбырамен қосылып шырқай жөнеледі.

Құс салып айдын көлде дабыл қақтым,

Ән салып талай жердің дәмін таттым.

Жетсін деп осынау даусым “Гәккуіме”

“Гәккуді” қайтқан қаздай қаңқылдаттым, – деп толғанады да, есіне түскен елестерді, көкейіне қонған көріністерін топтастыра береді. Ең бастысы, әнге сай өлең шумақтары туады.
Сіздің жауабыңыз ЖЖ-ға лайық еді...
0 дауыс
Гәкку Үкілі Ыбырайдың әні, әр түрлі орындаушылар айтып жүр (маған КешYou-дың орындағаны ұнайды)
0 дауыс
Мұнда талқыланған http://www.senkazakh.com/kz/thread-82267-1-1.html

Бірақ қанша терең екендігін білмедім.
...