0 дауыс
8.1k көрілді
Барий туралы жалпы сипаттама керек еді Оның электртерістілігі, атом радиусы,қайнау температурасы,қату температурасы,атомдану энергиясы,кристалдық торы, тығыздығы,түсі қаттылғы осыларды айтып берсеңіздер?

2 жауап

0 дауыс


Барий Ba

Барий (Barium, гр.barys «ауыр») Ba — химиялық  элементтердің периодтық жүйесінің 6-шы периодының ІІ тобына жататын элемент, реттік нөмірі 56, атомдық массасы 137,34. Жер сілтілі элементтерге жатады. Табиғатта барит (Ba2SO4) және витерит(BaCO3) деген минералдары кездеседі. Барийді 1774 жылы Карл Шееле ашқан.
Барий — жұмсақ, күміс түсті металл. Химиялық активтілігі жоғары, ауада тез тотығады, сумен реакцияға түсіп, барий  гидрототығын түзеді. Басқа да көптеген элементтер мен қосыла алады. Қосылыстарда валенттілігі 2 . Оның қорытпалары газ жұтқыштар ретінде, электронды  лампыларда, ал оның оксиді катодтарға қаптау жасау үшін қолданылады.
Осы элементтің ең маңызды қосылыстары:
*.Барий асқын тотығы (BaO2) катализатор ретінде және H2O2 алуға және ағартқыш ретінде қолданылады;
*.Барий гидрототығы Ba(OH2) көмір қышқыл газын жұтып алуға қолданылады;
*.Барий карбонаты BaCO3 барийдың басқа қосылыстарын алуға, шыны өнеркәсібінде қолданылады;
*.Барий хлориды BaCl2•2H2O улы химикат ретінде қолданылады;
*.Барий сульфаты BaSO4 рентген  сәулелерін жақсы жұтатын қасиетке ие болғандықтан, ақ пигмент ретінде медицинада қолданылады.
Тұздары оттың жалынын жасыл түске бояйды.
0 дауыс
http://ru.m.wikipedia.org/wiki/Барий

   http://www.wikiznanie.ru/ru-wz/index.php/Барий Барий туралы қазақша материалдар аз екен. Осы материалдарда толық жақсы жазылыпты. Егер қазақша материал керек болса айтыңыз:)
...