0 дауыс
8.1k көрілді
АРГИППЕЙ тайпасы жайында не бiлесiз?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Аргиппей – ежелгі тайпа.

Атаудың тарихта кездесуі

В.В.Бартольдтің жазбасында Аргимпей түрінде кездеседі. Геродот шығармаларында Каспий теңізінің солтүстігін мекендейтін көшпелі тайпаның ежелгі аты. Геродоттың IV кітабының “Мельпомена” деп аталатын бөлімінде: “ағаштан істелген үйлері бар, қыста оны ақ киізбен жабады, ал жазда төбесі ашық. Төңіректегі жұрт оларды киелі санайды, сол себепті оларға ешкім тиіспейді. Сондықтан да олардың қару – жарақтары болмайды. Көрші елдердің дау – шараларына төрелік айтады, біреу – міреу қашып келіп жансауға сұраса ұстап бермейді. Бұл халықтың аты – “аргиппей” (аргимипей)” деп жазды. Геродоттың айтуынша, олардың құдайы Аргимпаса немесе Арғұн-апа әйел тәңірі болған.

Дереккөздер

Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б
0 дауыс
Олар сақтармен көршілес болған Алтай тауын мекендеген.
0 дауыс
Аргипейлер - Орал тауы баурайында мекен еткен , шыгысында исседондармен , батысында сарматтармен , солт. Шыгысында массагеттермен корши болган . Герадот деректеринде « олардын айелдери еркек секилди , шашы жок , иектери улкен . Аргиппейлер ерекше тилде сойлеседи, скифтерше киынеди . Агаш жемисимен коректенеди . Агаштарынын жемистери буршак таризди , ишинде суйеги бар . Мата аркылы сыгып «асхи»сусынын алады .Оны сутпенде араластырып ишкен» деп жазады.
0 дауыс
Аргимпей - ол Арғын.
Өйткені ежелгі гректер шет елдің адамды атағанда "-ей" деген жалғауды қосып қоятын екен. Сол "Аргимпей" деген аттың "-ей" жалғауды алып тастасақ "Аргимп" деген ат болады. Ал "Аргимп" дегеннің өзі "Арғын" деген адамның есіміне сай келіп тұр екен.

Геродот былай деп жазады:
"Аргимпей ағаштың астында тұрады екен, сол ағаштың жемісінің шырынын ішеді екен, қыста ол ағашты ақ киізбен жабады, ал жазда төбесі ашық. Төңіректегі жұрт оларды киелі санайды, сол себепті оларға ешкім тиіспейді. Сондықтан да олардың қару–жарақтары болмайды. Көрші елдердің дау – шараларына төрелік айтады, біреу – міреу қашып келіп жансауға сұраса ұстап бермейді. Бұл халықтың аты – “аргиппей” (аргимпей)” деп жазды. Геродоттың айтуынша, олардың құдайы Аргимпаса немесе Арғұн-апа әйел тәңірі болған.
...