Ата-анаңыз ұрысса не істейсіз?

+1 дауыс
3.8k қаралым
Ата-аналарымыз барлығымызға белгілі кейде бірдеңеге келіспей,ұрсысып бір-біріне тіл тигізіп жатады,кейде тіпті қол көтерумен  одан кетсе үйден кетумен бітетін жайттар болады. Сол кезде сіз не істейсіз? Кімнің жағында боласыз? Анаңыз сізді бірге алып кетем десе ше? Жалпы ата-ананың онысы дұрыс па?
Жанұя

7 жауап

0 дауыс
Үндемей тыңдап тұрамын
Белгісіз
0 дауыс
Ұрсысқанда оларға үйде кіші балалар барын,олар мұндайды көрмей өсу керектігін және ақылмен шешіңіздерші деп түсіндіруге тырысамын. Бірақ олар кейде сөзімді елемеуі мүмкін. . . Өз бөлмемде тығылып жылап қаламын((
0 дауыс
Анамды ұрыспауға шақырамын, әкеме үндемеймін.Өзім ата-анамды ұрыстырмауға барымды саламын.
0 дауыс
Негізі ата-ана балалардың көзінше ешқандай мəселесін көрсетпеу керек. Бəрін өздері барынша білдіртпей шешуге тырысу керек.
+1 дауыс
Жағдайға байланысты ғой. Егер солай болса анаммен кетер едім. Бірақ сол ұрыстың мәні кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс соны білу керек. Татуластыруға тырысу керек. Жас емессіңдер не болды? деген сияқты.
0 дауыс
Өз басым қазірге дейін ата-анамның ұрысқанын көрмеппін. Алла қаласа, кейін баламның көзінше күйеуімнің бетінен алғым келмейді. Баланың міндетті түрде екі жақтың бірін қолдау емес, екі кісіні татуластыру деп ойлаймын. Жас бала үшін аса үлкен міндет, әрине. Қалайда бір жағына шығам деп қиын таңдау жасаудың қажеті жоқ демекшімін.
0 дауыс
АЛЛА ның қалайтыны жақсы отбасы болу,АЛЛАҒА ең ұнамайтыны ажырасу

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
27.04.2020 Жанұя Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,680 сұрақ
322,229 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы