Адамды киген киіміне қарап бағалауға бола ма?

+1 дауыс
7.5k қаралым
Қазір біз адамдарды қалай бағалап жүрміз? Біз үшін олардың киген киімдері соншалықты маңызды ма?
Жалпы сұрақ

6 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Негізі адамды бірінші көргенде киіміне қарап бағалайтынымыз шындық. Одан кейін барып сөйлеу манеріне, мінезіне мəн береміз. Тиянақты киінген адам кімге ұнамайды дейсіз? Ал қымбат, арзан киінуіне келер болсақ: киімнің бағасы маңызды емес. Оны киген адамға байланысты. Арзан киінген адамның жан дүниесі қымбат болуы мүмкін. Немесе керісінше. Сондықтан киімге қарап бағалау қателік. Істемейтін сағат күніне екі рет дұрыс уақыт көрсететіні сияқты, кейбір адамдардың киімі жан дүниесі секілді қымбат болуы мүмкін. Немесе керісінше:)
Дұрыс айтасыз. Сізбен толықтай келісем.
+3 дауыс
Мінекей алып қосары жоқ жауап :
"Посмотришь на иное создание — миллион восторгов, а заглянешь в душу — обыкновенный крокодил."

Антон Чехов
+2 дауыс
Оған қарап бағалауға болмайды кейбіреулер қарапайым болады жақсы адам болсада
Белгісіз
+2 дауыс
Киген киіміне қарап адамды бағалау мүмкін. Себебі адам көркі шүберек деген ғой. Киген киімің жақсы болса, е мынау жақсы кісі екен, жұпыны киінсе жармаған біреу деп айтары сөзсіз.
Сізбен келісем. Көп жағдайда жанымдағылар солай деп жатады.)))
0 дауыс
Киіміне қарап күтіп алады,біліміне қарап шығарып салады дейді ғой қазақта.Негізі бірінші көргенде киіміне қараймын бірақ оның қымбаттылығына емес,үйлесімді арзан болса да өзіне жарасып-ақ тұрса болды емес пе.Киімнің жақсысы өзгенің киімін сұрап не қарызданып киіну емес,таза және бүтін болса болды.
Белгісіз
0 дауыс
Жоқ киген киімі арқылы бағалауға болады. Бірақ мінезін емес.
127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы