Геродоттың шын ұлты қандай? [жабық]

0 дауыс
3.6k қаралым
Тарих атасы Геродотты ұлтын ғаламторда грек дейді, ал шын мәнінде олай емес деп жүр. Сонда қандай?
Сұрақтың жабылу себебі: Жауабы табылды.
• Санаты: Тұлға, Адам
Геродоттың ұлты юнан екен. Кешірім сұраймын.

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Грек Болуы мүмкін көбісі солай айтады.
Ия, мен де айтқанмын, олай емес дейді.
+1 дауыс
Геродот өмір сүрген дәуірге дейін де авторлары «логографтар» деп аталған тарихи шығармалардың болғанына қарамастан ежелгілер «тарих атасы» деп атаған Геродот б.з.б. 484 жылы Кіші Азияның оңтүстігіндегі гректер колониясында орналасқан Кариямен шекаралас жатқан Галикарнас қаласында дәулетті ақсүйектер отбасында дүниеге келді. Барлық кішіазиялық гректер парсы билігінен босап шыққанда, Галикарнас тұрғындары да жат жерлік билеушілерден құтылғысы келеді. Бірақ, олардың көтерілісі жеңіліс табады да, қайтадан басып-жаншу кезінде Геродоттың ағасы, әйгілі эпик ақын Паниассий өлтіріледі. Өз отанының саяси өміріне жас кезінен-ақ белсенді түрде араласқан Геродот Галикарнастағы Лигдамида тиранды тақтан құлату жөніндегі сәтсіз әрекеттерінен кейін елден кетуге мәжбүр болды. Бірнеше жылдардан кейін Геродот еліне оралып, тағы да азаттық көтеріліске қатысады. Ол б.з.б. 454 жылы галикарнастықтардың жеңісімен аяқталады. Осыдан бастап, Галикарнас Афины қаласының сенімді серіктесіне айналып, сонымен бірге аттикалық одақты басқарушылардың бір мүшесі болады. Этникалық жағынан дорийлықтарға жататын бұл колония тілі мен мәдениеті жағынан йонийлық еді. Геродот б.з.б. 40-жылдардан бастап Грекияның көптеген облыстарында, парсы патшалығында болып, ионий логографтары сияқты жатжерліктердің тарихы мен этнографиясын зерттеді. Кейінірек ол солтүстік Қара теңіз жағалауында, Египетте, Финикияда, Вавилонда және еуропалық Грекияның көптеген қауымдастықтарында болды. Ал оның екінші рухани отаны – Афины болды. Афиныда сол дәуірдің танымал қайраткерлері Периклмен және Софоклмен танысты. Дүниетанымы, өмірлік көзқарастары сәйкес келгендіктен, әсіресе Софоклмен жақсы қарым-қатынаста болды.
Белгісіз
Бал жинау үшін еріге бермей  сұраққа жауап берсеңші: Шын ұлты қандай?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
6 жауап
2.06.2015 • Санаты: Тұлға, Адам Белгісіз сұрақ қойды
+4 дауыс
5 жауап
24.05.2015 • Санаты: Тұлға, Адам Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
6 жауап
0 дауыс
5 жауап
+1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
4 жауап
5.07.2014 • Санаты: Мектеп Белгісіз сұрақ қойды
127,728 сұрақ
322,287 жауап
153,149 пікір
72,742 қолданушы