Отандық телеарналардағы бағдарламалар бір-біріне ұқсас болып бара жатқан сияқты. Асығып,болатын уақытын күтіп көретін бағдарламалар саны азайғандай. Бұрынғы "Ұят болмасын", "Қымызхана", бертін келе қандай пікірде болса да, бір серпіліс жасаған "Шіркін,Life!", "Фобия" сынды бағдарламалар неге жоқ? Қазіргі телеарналарға халық болып талап қойсақ, мүмкін құнды дүниелер көрсетер. Сондықтан ой бөлісе отырайық, Қазақстандағы телеарналардан қандай бағдарламалар көргіңіз келеді? Реалити-шоу,ток-шоу,ойын-сауық т.б бағдарламалар,осылардың ішінде қайсысын көрер едіңіз,қандай тақырыптар қозғалғанын қалайсыздар?