0 дауыс
1.3k көрілді

Амазонкалардың прототиптері кімдер? 

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Меніңше Орта Азиялық көшпенділер, (Кентаврлардың да прототипі көшпенділер) жылқыны ең бірінші мініске үйреткендер
+3 дауыс

Сармат әйелдері ... Герадоттың айтуы бойынша әйелдер билеген тайпа болған екен. Қаратеңіздік гректер оларды "еркек өлтірушілер" деген екен....."Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", — деп көрсетеді.

http://www.komunist.com.ua/article/18/16636.htm

+1 дауыс
Иорданның «Геттердің шығу тегі мен іс-қимылдары» деген еңбегінде: «Амазонкалар гот әйелдері» және «гот әйелі Марпезия әйелдерден топ құрып, әскердің осындай жаңа түрін Азияға бастап кетті» делінеді. Бұл дерек өте қызық және жорық жасау әрекетінің батыстан шығысқа қарай болғандығын меңзеп тұр. Сонымен қатар «геттер мен готтар бір халық және геттер патшайымы Томира» деген мәліметтер бар. Одан басқа да кейінгі зерттеулерде Каспий мен Арал теңіздері аралықтарын мекендеген екі халық - массаөгеттер мен дахтар туралы да айтылады. «Гетияны біздің ата-бабамыз Дакия деп атаса, біз енді Гепидия деп жүрміз» деген жолдар кездеседі. Бұл деректер біз тарих сахнасына бірінен кейін бірі келген екі халық атап жүрген массагеттер мен дах-дайлардың қатар өмір сүріп, билік басына кезектесіп шығып отыруына байланысты осылай аталулары мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Бұл жердің сол кезеңдегі тұрғындары массагеттердің тайпалық одағының аты аңызға айналған Тұмар ханымның есімімен тығыз байланысты болуы да мүмкін.
Толық мына жерде:
http://baq.kz/news/365
...