+1 дауыс
1.3k көрілді

Украинадағы 1915 жылғы ашаршылық жайлы не білесіз? Ол не себепті болған? Нәтижесі?

Геноцидтің бұл ашаршылыққа не қатысы бар?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тауқымет тартып, тағдырлас болған Украина халқы ашаршылықтың қасақана ұйымдастырылғанын ашық айтып, бұл зұл­мат­ты кезеңді кеңестік билік тарапынан бол­ған геноцидке балады. Дәлірек айтқанда, Виктор Ющенконың қамшының сабындай қысқа президенттік өкілеттілігі кезінде Украина Радасы ашаршылықты «геноцид» деп танитын заң жобасын қабылдаған болатын.

Көзқарастың ұлттық деңгейде екеніне тағы бір дәлел – саяси жүйе ауысса да, билік басына өзге адам келсе де, украин халқы нәубетті жыл­дарды ұмытпай, тарихи сананы жыл санап жаң­ғыр­тып келеді. Бұл елде жыл сайын зерттеулер жүр­гізіледі. Биылғы жылы жергілікті «Рейтинг» әлеу­­меттік тобы жүргізген сауалнама нәтижесі халық­­тың 58 пайызынан астамы ашаршы­лықты ген­оцид деп білетінін көрсетті. Украина басынан өт­керген ашаршылықты айтып, тарихи әділ ба­ғасын алуға ниет та­нытып келеді. Қазір бұрынғы пре­зидент Вик­тор Ющенко осы мәселеге тү­бегейлі кі­ріс­кен. Украинаны мысал етуіміз бекер емес. Қазірдің өзінде халқының саны 46 млн-ға жуық бұл елдің ұлтшыл-патриот­тары «егер ашар­­шылық геноциді болмаған­да, демография­лық жағдайымыз әлдеқай­да қуатты болар еді» дейді. Энциклопедиялық деректерде украин­дар­дың 3-3,5 миллионы қырылғаны туралы мәлі­мет­тер бар.
+1 дауыс
ХХ ғасырдың бас жағында әлемдік кризис пен ауа-райының қолайсыздығына байланысты көптеген елдерде ашаршылық болған.
...