Күйсандық үй- (Piano house-ағыл.) Қытайдағы өркендеген аймақтардың бірінде, яғни Аньхой провинциясындағы Хуайнань қаласында орналасқан. Күйсандық үйдің жобасы Қытайдағы беделді жоғарғы оқу орындарының бірі- Хефейс техникалық университетінің студенттерімен жасалынған. Оның құрылысы 2007 жылы аяқталған.Осы уақытта Хуайнань қаласы жаңа аймақтың дамуына назар аудартуды қажеттілік деп көрген. Сондықтан осы Күйсандық үйді қаланың келешек нышаны деп жариялаған.
Бүгінгі күндердегі беделі:
Қазіргі уақытта ол әлемнің ерекше көріністі ғимараттардың бірі болып саналады. Негізінен осы орталықтың басты мақсаты тек Қытай халқының ғана емес, тіпті өзге бір шет елден келген адамдардың назарларын аударту еді. Және де қазіргі кезде ол міндетің атқарып Хуайнань қаласын әлемге танытып жатыр.
Құрылысы:
Осы ғимарат 1:50 масштабында дайындалған. Оның мөлдір әйнекті скрипка, және қара күйсан пішіндесті екі бөлігі бар. Дегенмен оның әуен, ырғаққа ешбір қатысы жоқ. Шым мәнінде осы күйсанда көрме орталығы, яғни қалалардың даму жоспарлары мен келешектегі өзгерістері берілген. Ал скрипкаға тоқталатын болсақ, ішінде осы ғимараттың бас есігіне әкелетін баспалдағы орналасқан. Оның құрылысына қазіргі заманға сай материалдар қолданылған. Яғни: әйнек, полиэтиленген мұржа және бетон.Ғимараттың күллі қабырғалары мөлдір және өңделген шыныдан тұрғызылған.Осының салдарынан орталыққа күндізгі уақытта барынша табиғи жарық түсіріледі. Ал түнде ғимаратты жарқыраған сұлбамен аса сонылап безендірген. Тіпті оның арқасынан осы үй -маныңдағы қалған ғимараттарды елеусіз қылады.
Ғимарат жайында ой- пікірлер:
Осы ғимарат жайында пікір таластар әлемге көптеп таралған. Ал Қытайда Күйсандық үйді талқылағанда сындар жиі кездеседі. Біреуі: «жалықтыр постмодернизм » десе, екіншісі «әдеттегі бір студенттің жобасы» дейді. Дегенмен, осылайша аталған «кәдімгі жоба»бүгінгі күнде бүкіл дүние жүзіне әйгілігімен жайылған.
сілтемелер
http://www.novate .ru/blogs/080412 /20476/ http://blogga.ru /2010/06 /16/zdanie-pianino- v-kitae/ http://uatraveller.co m/primechatelnosti /525-piano-house- khuajnan-kitaj.html http://subscribe.ru /archive /build.ybstroy.ybstr oy/201006 /21140425.html