+2 дауыс
3.8k көрілді
Менің ағам банкке берешек еді. Уақытында төлей алмаған соң сырттай сот шешімі шықты. Соттың шешімі бойынша көрсетілген сомадан бөлек жеке сот орындаушылар санкциясын алуға қаншалықты құқылы? Осы қандай заңға сәйкес жүргізіледі. Жеке сот орындаушылардың қолындағы шығарылған қаулы мүлде шындыққа жанаспайды. Төленген сомаларды шегермей, ешқандайда тексермей о бастағы соттың шығарған шешіміне қоса санкция сомасын қосып отыр. Сол ақшаны төлемей, кепілдікте тұрған айлық алатын есепшотты ашпай отыр. Сонда қараптан-қарап отырып өзгенің қалтасын қаққысы келгені ме? Олардың ешқандай араласуынсыз-ақ шешім бойынша онсыз да ай сайын төленіп жатқан берешекті бір айдың ішінде қалталарына ақша түсіргісі келіп, есепшотты арестке қойып отыр.  Соттан сұрағанда шешімнен бөлек ешқандай ақша төлемейсіз. Сот орындаушылардың шығын пайызы құйылған ақшаның есебінен өндіріледі деген еді. Сонда бұл қалай болғаны?
Ағам бүгінгі таңда банктегі қарызынан толық құтылды. Қолымызда төленген туралы квитанциялардың бәрі де бар. Айлығын ала алмай отыр. 5 бала-шағасы бар, қиналып отыр.
Сізден сұрағым келгені: 1. Сот шешіміндегі көрсетілген толық сомадан бөлек артық ақша не себепті төлену керек, не үшін алу керек? Олардың шығарған өз заңдары бар ма?
2. Банкке қарызы жоқ бола тұра айлық алатын есепшотты аресттен босатпауға құқысы бар ма?  Оны міндетті түрде ақшамен аштыру керек пе? Осы қаншалықты заңды немесе заңсыз.
Осыны түсіндіріп, кеңес берсеңіз. Алдын ала рахмет!
Заң санатындағы осындай сұрақтарға қол үшін бере алатын @Daniyar досымның орны қатты білініп жатыр. :(

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Сот шешімі шыққан соң, шешімнің орындалуы бойынша процедуралар "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

1. Жалпы Сот орындаушылылары сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтары негізінде ғана әрекет етеді. Мүмкін, Сіз бірнәрсені ашып айтпай отырған боларсыз, бірақ сот шешімінен өзге борышкерге қосымша міндеттемелер жүктеленуі әсте болмайды.

2. Аталмыш Заңымыздың 95-бабында бiр немесе бiрнеше атқарушылық құжаттар бойынша борышкердiң жалақысынан немесе өзге де табыс түрлерiнен өндiрiлiп алынған жағдайда борышкер жалақысының немесе өзге де табысының кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс делінген. Яғни жалақы алу шотының арестке қойылуы түбегейлі заңға қайшы әрекет болып табылады.

 

 

+1 дауыс
Қарызынан құтылып қойса, қосымша тағы төлеп жүруі  әділетсіздік сияқты.   Сіз қалаңыздағы Нұр отан партиясына барып,  тегін заңгерлік кеңес сұрауыңыз керек.  Не болмаса  http://vk.com/zanger_kenesi ,http://vk.com/club83606142  осы  желіге кіріп  сұрағыңызды қойып көріңіз. Вк да  заңгер кеңесі деген парақша ашылыпты, тез арада жауап аласыз деген ойдамын.
+1 дауыс
Бұл жерде жасырып отырған ештеңе жоқ. Сізге түсінікті болу үшін тағы да басынан бастайын.
Осыдан 7 жыл бұрын ағам несие алған еді. Соны 1-2 ай төлеп белгілі себептермен төлей алмаған соң, сот толық қарызына яғни 179573 /мемлекеттік баж салығын қосқанда/ теңгеге сырттай шешім шығарған. Шешімді қолға алғаннан кейін шамасы келгенше төлеп отырды. 2014 жылдың 24 желтоқсанына дейін төленген ақшадан қалған сома 52573 теңге болатын. 2015 жылдың қаңтарында қалған соманың бәрін төлеп жауып тастамақшы болғаны жөнінде коллекторлық бюроға да барып ескертіп кеткен еді, алайда жеке сот орындаушылар оның төлеген ақшаларының бірін де шегерместен қолына о баста шығарылған соттың 179573 теңгенің шешіміне осы соманың 20%-ын қосып, яғни 35914 теңгеге  жалпы сомасы 215487 теңгеге қаулы шығарып, соңғы төлемді төлеп келгеннен кейін, 2014 жылдың 25 желтоқсан айында осы қағазды беріп кеткен. Соттың шыққан шешімінен бөлек олар жеке сот орындаушылар санкциясын алуға қаншалықты құқылы? Олардың қосқан санкциясы неге төленген сомадан алынбайды? Олардың араласуынсыз-ақ ай сайын төленіп отырды ғой. Коллекторлық бюро бізге 52573 теңгені төлеп толық құтылғаныңызда, біз оларға хат жазып "сіздер қаулыны тапсырғанға дейінгі қарызы 52573 теңге болатын" деп жазып береміз деп еді. 30 қаңтарда 52600 теңге төлеп, қарыздан толық құтылдық. Бірақ бізге жазып беретін қағазын сұрағанымызда жазбады. Себебін сұрасақ бізде доверенность жоқ, оның үстіне сіз 52573 теңгенің 20%-ын  /10515 теңге/ ақшасын алып келгенде ғана жазамыз деп жауап қатты. Болмаса бұл мәселені сол жеке сот орындаушыларға барып өздеріңіз айтып түсіндіріп көріңіздер, солармен келісіңіздер деп айтты. Өндіртіп беруге құжатты берген солар, неге өздері есептеспейді сонда. Шешімнен бөлек не себепті артық ақша төлеуіміз керек? Осыны толық түсіндіріп беріңізші.
Рахмет.
0 дауыс
Мектепте газетке мәжбүрлі  жазылудан қалай құтылуға болады
0 дауыс
Саламатсыздар ма?Агам 2топ мугедеги атында уй бар, онда казир карындасы турып жатыр. 2жылдан бери квартплата толемеген, онын есесин агамнын зейнетакысынан устап отыр.Осы сумдыктын адил шешими бар ма?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
+3 дауыс
16 жауап
...