Бұл жерде жасырып отырған ештеңе жоқ. Сізге түсінікті болу үшін тағы да басынан бастайын.
Осыдан 7 жыл бұрын ағам несие алған еді. Соны 1-2 ай төлеп белгілі себептермен төлей алмаған соң, сот толық қарызына яғни 179573 /мемлекеттік баж салығын қосқанда/ теңгеге сырттай шешім шығарған. Шешімді қолға алғаннан кейін шамасы келгенше төлеп отырды. 2014 жылдың 24 желтоқсанына дейін төленген ақшадан қалған сома 52573 теңге болатын. 2015 жылдың қаңтарында қалған соманың бәрін төлеп жауып тастамақшы болғаны жөнінде коллекторлық бюроға да барып ескертіп кеткен еді, алайда жеке сот орындаушылар оның төлеген ақшаларының бірін де шегерместен қолына о баста шығарылған соттың 179573 теңгенің шешіміне осы соманың 20%-ын қосып, яғни 35914 теңгеге жалпы сомасы 215487 теңгеге қаулы шығарып, соңғы төлемді төлеп келгеннен кейін, 2014 жылдың 25 желтоқсан айында осы қағазды беріп кеткен. Соттың шыққан шешімінен бөлек олар жеке сот орындаушылар санкциясын алуға қаншалықты құқылы? Олардың қосқан санкциясы неге төленген сомадан алынбайды? Олардың араласуынсыз-ақ ай сайын төленіп отырды ғой. Коллекторлық бюро бізге 52573 теңгені төлеп толық құтылғаныңызда, біз оларға хат жазып "сіздер қаулыны тапсырғанға дейінгі қарызы 52573 теңге болатын" деп жазып береміз деп еді. 30 қаңтарда 52600 теңге төлеп, қарыздан толық құтылдық. Бірақ бізге жазып беретін қағазын сұрағанымызда жазбады. Себебін сұрасақ бізде доверенность жоқ, оның үстіне сіз 52573 теңгенің 20%-ын /10515 теңге/ ақшасын алып келгенде ғана жазамыз деп жауап қатты. Болмаса бұл мәселені сол жеке сот орындаушыларға барып өздеріңіз айтып түсіндіріп көріңіздер, солармен келісіңіздер деп айтты. Өндіртіп беруге құжатты берген солар, неге өздері есептеспейді сонда. Шешімнен бөлек не себепті артық ақша төлеуіміз керек? Осыны толық түсіндіріп беріңізші.
Рахмет.