Қазіргі заманға байланысты жемқорлық, пара алушылық туралы ашық көрсетіп түсірер едім. Толық айтатын болсам яғни студенттерден баға үшін ақша алуды т.б коптеген өмірдегі тіршілікті көрсеткенді жөн корер едім.
өзім ойнамайм,өзіме ұқсас актрисаны алып,басты рөлге қойып, "Қыз жүрегі" немесе "Өмір-кино" деп қоятын едім киноның атын. Бір қыздың өмірі жайлы кино (менің өмірім жайлы).
Трагикомедия жанрында түсіретін болармын... (Ештеңеге сенбейтін бір адам бәріне қарсы шығады,,, үкіметке, сенімге, қоғамдық пікірге... Сосын айналғанда бәрін мазақ қылып, өзі де масқара болып, күлкіге қалады)
Джим Керриді ал басты кейіпкерге, не болмаса Алмас Кішкенбаевты)))
Егер мен кино түсірсем, Ғабит Мүсіреповтың "Ұлпаны" мен Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдарын" түсірер едім, түсінемін ескі кино болуы мүмкін, дегенмен қазіргілер кітап оқымайды ғой, тым болмаса киносын көрсін.
Ал егер жаңашыл бірнәрседен болса, әрине мелодрама түсірер едім.
Егер де мен кино түсірсем тарихи кинолар түсірер едім.... мысалы Абай атамыз туралы, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу туралы, Кенесары, Қабанбай, Бөгенбай батырлар туралы....
Ал, егер де мен кино түсірер болсам, комедиялық әрі фонтастикалық жанрда түсірер ем. Мысалы, бір жігіт өткен ғасыр уақытына тап болады, хандар басқарған дәуір делік. Жайлауда нағыз қазақы ауыл көрінісі, киіз үйлер, ондағы сақталған ғұрып-дәстүрлер, қарапайым күйбің-тірлік. Ертедегі қазақтар күй кешкен уақытқа киімдері мен сөмкесіндегі қазіргі замануи заттары бар жігіттің топ етіп түсе қалуы. Бірін-бірі түсінбеуі, абыр-сабыр, қызықты сәттер... Бұндай фильм арқылы өткенімізді балаларымыздың көз алдарына аз да болса сондай қызығушылықпен елестетер ек. )))
Қазақстанда онсызда бүкіл жұлдыздарды біріктірген жобалар шықты. Мен түсірсем шетелдің атақты актерлері мен қазақтың жас актерларын біріктіріп, фантастика жанрында жаңаша, әрі қазақтың мұрасы деп атауға тұрарлық фильм түсірер едім.